Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Шынайы ықыластың жарқын белгісі

«Достар» мәдениет сарайында қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Алғыс айту күнiне арналған салтанатты жиын өттi.

Қала басшысы жиналған қауым-ды Алғыс айту күнi мерекесiмен құттықтай отырып, бұл мерекенiң елiмiздегi ұлттар достығы мен ынтымақтастығына және бiрлiгiне қосатын үлесiнiң зор екендiгiн атап өттi. — Алғыс айту күнi — күр-

делi заманда иық тiресе бiрге қиындықтарды еңсерiп, қысқа мерзiм iшiнде Елбасының басшылығымен Тәуелсiз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен елiмiздiң барлық азаматтарының бiр-бiрiне құрмет бiлдiретiн күн. Бүгiнгi таңдағы елiмiздегi бейбiтшiлiк пен келiсiм — қазақстандықтардың жоғары мәдениетi мен даналығының, қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiк саласындағы салиқалы және көрегендi саясаттың нәтижесi деп бiлемiз, — дедi қала басшысы. Салтанатты жиында әр салада жемiстi қызмет атқарып жүрген бiр топ өзге этнос өкiлдерiне қала әкiмiнiң алғыс хаттары табыс етiлдi. Мерекелiк шара концерттiк шарамен жалғасын тапты.

Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018
Қаралым саны: 459
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика