Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Өнім мен баға көңілден шықты

Өткен сенбi күнi облыс орталығындағы «Алтын Ғасыр» сауда үйiнiң алдындағы алаңда ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң кезектi жәрмеңкесi болып өттi. Бұл жолы қала жұртшылығына Ақкөл, Аршалы, Егiндiкөл, Есiл аудандары мен Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерi өз өнiмдерiн ұсынды. Жәрмеңкенi облыс әкiмiнiң орынбасары Асқарбек Үйсiмбаев пен пен Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев аралап көрдi.

Таң атысымен жәрмеңке орналасқан жерге жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлiметiне қарағанда, жәрмеңкеде жалпы құны 118,6 миллион теңгенiң ауыл шаруашылығы өнiмдерi саудаланды. Бұл күнi жергiлiктi тауар өндiрушiлер өнiмнiң 43 түрiн жеткiзiп, тұтынушыларға нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынды. Аудан еңбеккерлерi ұсынған өнiмдер қызу саудаға түсiп, қала халқына 51,1 тонна ет, 15 тонна балық, 325 мың дана жұмыртқа, 30 тонна ұн, 85 тонна картоп, 140 тонна жемiс-жидек пен басқа да ауыл шаруашылығы өнiмдерi ұсынылды. Ең бастысы, барлығы сапалы, әрi қолжетiмдi бағамен сатылды. Жәрмеңке алаңында тұтынушылардың қарасы көп болуы да содан. Сиыр етiнiң бiр келiсi — 1250, жылқы етi — 1400, қой етi — 1100, құс етi — 1200 теңгеден босатылды. Сары май, жұмыртқа сатып алу үшiн тұтынушылар ұзын-сонар кезекке тұрды, аталған тауар түрлерiне сұраныс көп болды.

Барлығы да қалаған өнiмдерiн қолжетiмдi бағада алып, қалтаға тиiмдi сауданы ұйымдастырушыларға алғысын бiлдiрдi. — Облыс орталығында осындай шараны ұйымдастыру дәстүрге айналғаны қуантады. Барлық өнiмдер нарықтық бағадан төмен бағада сатылуда. Ертемен келiп қыстық азық-түлiк сатып алдық. Өнiмдердiң сапасы да жоғары. Бүгiнгi жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнiмiнiң барлығы да қамтылған деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексiз. Алдағы уақытта да игi бастама өз жалғасын табады деген ойдамын, — дедi қала тұрғыны Талап Сүйiншәлин.

Таңсәрiден түске дейiн сауда қызып, қалалықтар үйлерiне олжалы қайтты. Ауылдан жүк артып келген диқандардың да көңiлi жайдары. Өйткенi, аудандардан жеткiзiлген өнiмдердiң басым бөлiгi сатылып кеттi. Осылайша, өңiрдiң диқандары баптаған өнiмдер арзан бағамен өз тұтынушысына жеттi.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2017
Қаралым саны: 629

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?