Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Шаңырақ үлгісіндегі шаттық сарайы

Көрiктi Көкшетау биыл да көркем ғимараттармен толыға түспек. Осы ретте қайта жаңғыртылатын Қопа көлiнiң жағалауын ерекше атап өтуге болады. Қарқынды құрылыс жұмыстары жүргiзiлiп жатқан аймақ жұртшылықтың да ерекше қызығушылығын тудыруда. Солардың қатарында заманауи Неке сарайының бой көтеруi iзгi үмiттерге қанат бiтiретiнi хақ. Көптен күткен нысанның шаңырақ түрiнде салынып жатқаны жақсы ниет, шайқалмайтын шаттығымыздың салтанатын асыра түсетiнi де қуанышқа бөлейдi.

Құрылыс қаланың көрнектi жерiнде, Бұқпа тауының етегi мен Қопа көлiнiң жиегiнде екпiндете салынып жатыр. Амандық болса, бас мердiгер «Ақ сәуле» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жыл аяғына дейiн жұртшылықтың айрықша назарындағы жұмысты аяқтап шықпақ. Қос қабатты ғимарат шығыс сәулет өнерiнiң классикалық үлгiсiн бүгiнгi үрдiспен үндестiре қабыстыратынын айтады мамандар. Қолдағы макетке қиял жүгiрте қарасаңыз, алдымен сақина, одан кейiн шаңырақ болып жымдасқан болашақ ғимараттан той әуенi естiлiп жатқандай сезiм кешетiндейсiз. Өрiс кеңейтудi өмiр мәнi санайтын халқымыздың қуанышы көбейе бергей. Ертеңiн еңселендiру қамындағы мемлекетiмiз бұл орайда қаржы-қаражатын үйiп-төгiп жатқаны да ғанибет. Шеңбер пiшiндi етiп салынып жатқан, жалпы аумағы 987 шаршы метрдi құрайтын екi қабатты ғимараттың сыйымдылығы да едәуiр ауқымды болмақ. Жоба құны — 837 млн. 588,351 теңге. Қалалық құрылыс бөлiмi жетекшiсiнiң орынбасары Рауан Оспановтың айтуынша, биыл құрылыс жұмыстарына 448 918,321 теңге бөлiнген. Қазiргi уақытта ғимарат айналасы абаттандырылуда, субұрқақ орнатылып, бедертас төселуде, iшкi әрлеу, қабырғаларды бөлу жұмыстары жүргiзiлуде, iшкi инженерлiк желiлер өткiзiлуде.

Құрылыс аумағындағы нысанның төлқұжатымен танысқанымызда бiраз өзгешелiктердiң бар екенiн байқадық. Мұның жа-

йын сұрағанымызда құрылыс алаңының басшысы Дәлелқан Жұмақанов бiзге оның жайын баяндады. «Иә, оны дұрыс байқап отырсыздар. Ғимарат алып киiз үй үлгiсiнде салынуда. Сәулетi келiскен, қазiргi заман талабына сай мұндай ғимараттар республиканың бiрқатар облыс орталықтарында бар. Бiрiншi және екiншi қабаттар бөлiнбейдi, яғни бәрi бiр шаңырақ астында. Өздерiңiз көрiп отырғандай нысанның астыңғы бөлiгiнде кiреберiс зал, киiм iлетiн орын, азаматтық хал актiлерiн тiркейтiн жұмыс кеңсесi, қонақ бөлме, күйеу жiгiт пен қалыңдықты салтанатты рәсiмге дайындайтын бөлмелер, қызметшiлер кабинеттерi орналасады»,– дейдi ол. Тиiсiнше жоғары қабат мерекелiк шараларды, неке қию рәсiмiн және той өткiзуге арналыпты. Салтанат залынан бөлек үш холл, касса, фотограф, бухгалтерия бөлмелерi бар.

Өз жұмыстарына мұқият кiрiсiп, қазiрге дейiн бiраз шаруаның басын қайырып тастаған талапты да табанды құрылысшылардың жұмысқа деген жауапкершiлiктерi мол. Құрылыс алаңында жұмыс қызу жүруде. Мұндағы кiрпiш қалаушы, дәнекерлеушi, электр жөндеушi, сылақшы, бәрi-бәрi өз iсiнiң маманы. Неке сарайы жас жұбайлардың өмiрiнде қайталанбас сәттердiң бiрi — жұбайлық өмiрге жолдама беретiн маңызды орынға айналары анық. Ұлттық нақышта құрылған жаңа ғимараттың көз тартарлықтай әдемi, көңiл сүйiнерлiктей керемет боларына күмән жоқ. Жоба авторы — «Строн-Холдинг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi осындай ұлттық нақыштағы құрылыс нысандарының үлгiсiн жасау-мен шұғылданады. Мұндағы сәулетшiлер елiмiзде бой көтеретiн кез-келген заманауи ғимаратта осындай қазақылықтың белгiсi болуы тиiс деп санайды. Әлемде уақыт өткен сайын сәулет саласы жедел дамып келедi. Cырты жылтырақпен қапталған, зәулiм ғимараттармен көпшiлiктi таң қалдыра алмайсың. Сондықтан сәулетшiлер әркез ешкiмге ұқсамайтын өзгеше нысандарды ойлап табуға тырысқан. Бұл ерекшелiктi шеберлер ұлттық нақыштан тапты. Қазiр елiмiзде аталған серiктестiк жобасы бойынша салынған бiрнеше ғимарат бар. Олардың iшi оюлармен көмкерiлiп, ұлттық символдар қойылған.

Қала тұрғындарының саны жыл сайын көбейiп жатыр. Сол себептi, қалалық азаматтық хал актiлерiн жазу бөлiмiндегi құжаттардың саны да арта түсуде. Сонымен бiрге мұрағаттағы құжаттардың сақталу талаптары да артқан. Температура, ылғалдылық белгiлi бiр деңгейде болуы тиiс. Жаңадан еңсе тiктейтiн Неке сарайында алаңсыз қызмет ету үшiн барлық жағдай жасалатын болады. Бұл да үлкен қуаныш. «Қалада аптаның әр күнi үйлену тойынсыз өтпейдi. Сондықтан да бiзге мұндай ғимарат керек. Оның тәрбиелiк мәнi де зор. Неке үйi болса онда тек неке қию рәсiмiн ғана емес, сонымен қатар күмiс той, алтын тойды да өткiзуге болар едi. Бұл — тұрғындардың сұранысы», — дейдi қалалық құрылыс бөлiмi басшысының орынбаса-

ры Рауан Оспанов. Әр адамның, әрбiр ерлi-зайыптының өмiрiндегi ең елеулi, есте қалатын мерекеле-рiнiң бiрi осы — неке қию салтанаты. Осындай үлкен қуанышты лайықты ғимаратта салтанатты түрде өткiзетiн күн де алыс емес. Сондықтан да Неке сарайы әрбiр жас отаудың қуанышты табалды-рығына айналып, бақыт пен шуақ сыйлайтын құтты мекенi болғай!

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2017
Қаралым саны: 219
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

akimkokshe@akmol.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро