Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Өндіріс – өңір дамуының өзегі

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер вице-министрi Ержан Ашықбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауындағы мiндеттердi халыққа түсiндiру мақсатында Көкшетаудағы өндiрiс орындарында болды.

Вице-министр алдымен «Асыл арман» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң жұмысымен танысты. 2003 жылы ашылып, еңбек нарығына қадам жасаған серiктестiк отандық кәсiпорындардың iшiнде ұнтақ заттарға арналған қаптама шығару өндiрiсiнде көшбасшы саналады. «Үдемелi индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы өндiрiс ошағын жаңа деңгейге көтеруге мүмкiндiк берiп отыр. Кәсiпорынның өндiрiс бойынша директоры Әнуарбек Омарбековтың айтуынша, кәсiпорын өндiретiн өнiм ТМД елдерi, Қытай және өзге де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Алдағы уақытта бiрыңғай экономикалық кеңiстiктi пайдаланып, өнiмдi кедендiк одақ елдерiне экспортқа шығару жоспарланып отыр. Кәсiпорында 500 келiден 2 тоннаға дейiн сусымалы жүк таситын 120 миллион дана қаптар мен «Биг-бэг» контейнерлерi тiгiлуде. Соңғы төрт жылда мұндағы қондырғылардың 50 пайызы жаңартылған, шетелдiк 60 жаңа құрылғы тоқтаусыз жұмыс iстеп тұр. Жобаның тағы бiр жетiстiгi өнiмдер қалдықсыз дайындалады. Үзiлiссiз өндiрiс болғандықтан, ұжым мүшелерi төрт ауысымда жұмыс iстейдi. «Қазiр кәсiпорында 750 адам еңбек етедi. Өндiрiс орындары көп болса, жұмыс орны да көп болары анық. Қазақстанның өзге облыстарынан тiгiншiлер вахталық әдiс бойынша келiп жұмыс iстейдi. Оларға арнап тоғыз қабатты жатақхана салып жатырмыз. Келешекте өндiрiстi ұлғайтып, жұмысшылар санын 2 мың адамға дейiн жеткiзу жоспарда бар», — дедi Ә.Омарбеков. Кәсiпорындағы полипропилендi қаптаманың жаңартылған өндiрiсiнiң жұмысымен танысқан вице-министр өңiрдегi кәсiпорындардың экспорттық әлеуетi зор екенiн атап өттi.

Ержан Ашықбаев ауылшаруашылығы мен коммуналдық техникаларды құрастыратын «Қазақстан агроөнеркәсiптiк инновациялық корпорациясы» және керамикалық кiрпiштер шығаратын және «Енки» кiрпiш зауытының өндiрiс цехтарында да болды. Сапар аясында вице-министр А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiнiң профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесiп, оқыту жүйесiндегi жаңа реформалар, техникалық және кәсiптiк бiлiм сапасын жоғары деңгейге көтеру, жас мамандарды еңбекпен қамту мәселелерi жөнiнде әңгiме өрбiттi.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2018
Қаралым саны: 639
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика