Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Рухани жаңғыру жолында

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренованың төрағалығымен қалалық әкiмдiк жанындағы Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң кезектi отырысы болып өттi. Онда тыңдалған, көтерiлген мәселелер Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалысында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру жайы болды.

Красный яр ауылдық округiнiң әкiмi Н.Айсин өз округiндегi Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң жұмысы жөнiнде баян еттi. Жұмыс негiзiне Елбасы мақаласында көтерiлген идеялар алынған. Қоғамдық сананы жаңғырту, ашық пiкiр-алмасу, ұлтаралық алғаусыз татулық, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, адал еңбекке үйрету, бойларына патриоттық сезiм дәнiн егу- өткiзiлген шаралардың мазмұны осы. Әдеби-мәдени көпшiлiк шаралар «Көкше» мәдениет үйiнде, мектептерде, кент алаңында өтсе, қоғамды, көпшiлiк ортаны, айнала табиғатты сыйлау, экологиялық тәрбие спорттық жарыстар, сенбiлiктер үстiнде берiлдi. Бақылауды қажет ететiн 20 отбасы есепте тұр. Балалар мен жасөспiрiмдер мектебiндегi әртүрлi спорттық үййiрмелерге 405 бала қатынасады. «Алтын дауыс» байқауында да бақ сынағандар көп. Кеңес отырыстарында ұлттық тәрбие, мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын кеңейту, жағдайы төмен отбасылармен жұмыс, көше атауларын өзгерту, тұрғындар мәдениетiн арттыру сияқты мәселелер талқыланады. Коғамдық жұмыстарға тек кеңес мүшелерi ғана емес, кенттiң ақсақалдары, танымал адамдары да кеңiнен тартылады.

Станционный кентiнiң әкiмi А. Тасқынбай да кеңестiң тұрғындармен жұмысы туралы айтып өттi. 10 адамнан тұратын кеңес мүшелерi белсендi. Кентте достық пен татулыққа үндейтiн «Шаңырақ» клубы он жылдан берi тиiмдi қызмет атқарып келедi. Кiтап оқушылар конференциясын өткiзу де дәстүрге енген. Өтетiн шараларға тұрғындар қатынасы да ойдағыдай. Тек Станционныйда мәдениет сарайының жоқтығы қолбайлау болып тұр. Ауқымды шаралар тек мектеп ғимаратында ғана өтедi. Болашақта осы мәселе шешiлсе, жолдары жөнделiп, жарықтандырылып, тазалық жүргiзiлiп, көрiктене түскен кентте әлеуметтiк-көпшiлiк жұмыстар бүгiнгiден де жандана түсер едi. Жылма-жыл тұрғындар санының артып келе жатуы мәдениет сарайын салудың қажеттiгiн аңғартқандай.

Одан әрi «Ақмола облысының орыс қоғамы» этномәдени бiрлестiгiнiң төрағасы А.Артеменко өзi басқарып отырған қоғам жұмысы туралы есеп бердi. Ол Қазақстан халқы Ассамлеясы сапындағы барлық әрiптестерiмен ауызбiрлiкте, бiрiге қызмет iстеп жатқандықтарын тiлген тиек еттi.

Күн тәртiбiндегi келесi мәселе қазақ тiлi әлiпбиiн кириллицадан латынға ауыстыру болатын. Бұл тақырыпқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң ғалымдары А.Ысмағұлов пен С.Қасеновтар сөйлеп, жаңа әлiпби туралы ойларын ортаға салды. Әрине, «Қазақ тiлi әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру туралы» ҚР Президентiнiң үстiмiздегi жылдың 26 қазаны күнi Жарлығы жарияланды. Ендi осы әлiпбидi оқып- үйренудiң тиiмдi жолдарын қарасытырып, жетiлдiруге тиiспiс. Оқу үстiнде, күнделiктi қолданысқа енгеннен кейiн оны жетiлдiру жолдары байқалса, мүмкiн тағы да аз-кем өзгерiстер енгiзiлетiн де шығар деген пiкiр айтты ғалымдар. Сондықтан, iздену одан әрi жалғаса бермек. Мәселен, Түркияның осы әлiпбиге көшу процесi жиырма жылға созылыпты. Негiзiнен, компьютерде латын әрiпiн күнде қолданып жүрген жандарға көп қиындық кезiкпесi кәмiл.

Жиын үстiнде қаралған тақырыптар жөнiнде кеңес мүшелерi М.Қиықов, Б.Сүлейменовтер пiкiрлерiн айтты.

Кеңес отырысын Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары А. Әмiренова қорытындылады.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 08.11.2017
Қаралым саны: 484

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?