Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
«Регион Стройдың» алғашқы панель үйлері

Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында iске қосылған «Регион Строй» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң темiр-бетон бұйымдарына сұраныс артып келедi. Аталған кәсiпорын шығаратын панельдерден салынған алғашқы тоғыз қабатты тұрғын үй «Юбилейный» мөлтек ауданында жақында пайдалануға берiлмекшi.

Бүгiнде комбинат қабырға панелi, түрлi құрылымдар мен төбенi жабуға арналған плиталар және қоршаулар шығарады. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында өңiрде тұрғын үй құрылысын кеңiнен өрiстету үшiн құрылыстық бұл материалдарға сұраныс арта түсуде. Сол себептi елiмiздiң басқа өңiрлерiмен де байланысты нығайтқан жөн. «Алғашқы уақытта құрылыс материалдарының үш түрiн ғана шығардық. Комбинат толық қуаттылығына көшкеннен бастап баспалдақтар, түрлi ұзындықтағы жабынды плиталар мен тұрғын үй құрылысына қатысты өзге де материалдар шығаруды қолға алды. Бiздiң бұл өнiмдерiмiз облыс орталығындағы әлеуметтiк нысандар, тұрғын үйлер құрылысына кеңiнен пайдаланылуда. Өнiмнiң негiзгi бөлiгi елорданың құрылыс нысандарына жөнелтiлуде», — дейдi серiктестiк директоры Александр Дворцевой.

Тұрғын үй комбинатында 100-ге жуық адам жұмыс iстеуде. Олар тағы да екi панельдi үйдiң құрылысын қалауды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуына қарағанда, қазiргi панельдер бұрынғы керамзиттен әлдеқайда сапалы әрi сәндi. 18 сантиметрлiк жылу қорғағыш жамылғысы бар. Қазiр кәсiпорын шикiзат базасы ретiнде жергiлiктi кенiштердегi құм мен қиыршық тасты пайдаланып отыр. Құрылысқа қолданылатын материалдар қатаң бақылаудан өтедi. Өйткенi, олар сапа стандарттарына сай келуi тиiс. Мамандар тұрғын үй құрылысында жергiлiктi бетон бұйымдарын пайдалану қазiргi салынып жатқан қыш жобалардан арзанға түсетiндiгiн айтып отыр. Кеңес заманынан берi құрылыс материалдарының iшiнде панель «мықтылығын» дәлелдедi. Ол кезде құрылысқа қазiргiдей жылытылған панель емес, қарапайым панель, кейiн керамзит панель пайдаланылған. Бертiн келе сэндвич панель шықты. Оның басты ерекшелiгi көпқабатты тұрғын үйлердi әрлеу iсiнде де онша көп жұмыстың қажетi жоқ. Себебi, қабырға панельдерi сыланбайды, сосын әдеттегiдей құрылысқа қажеттi өрмек тор салынбайды. Панельдi қабырғалардың бойынан пластик құбырлар, электр сымдарын өткiзу үшiн зауытта арнайы орындар қалдырылады. Көкшетау қаласында пилоттық жоба ретiнде алғашқы қолға алынған нысан «Юбилейный» мөлтек ауданында былтыр құрылысы басталған тоғыз қабатты тұрғын үй. Құрылыс жұмыстарын бас мердiгер «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жүргiзуде. 90 пәтерлiк тоғыз қабатты тұрғын үй жақында пайдалануға берiлмек. Жоба құны 750 миллион теңгенi құрайтын бұл үйдiң 18 үш бөлмелi, 36 екi бөлмелi және осыншалықты бiр бөлмелi пәтерлерi бар. Iшкi бөлмелердiң аумағы кең. Қабырға панельдерi үшқабатты, ортасына пенопласт плиталары салынған. Құрылыс нысаны фин технологиясымен салынуда. Бұрын 90 пәтерлiк көпқабатты тұрғын үй монтажына екi аптадан артық уақыт жұмсалса, қазiр құрылысшылар бұл жұмысты тоғыз күнде аяқтайды. Сонымен бiрге энергия үнемдеу технологиясы да тиiмдi пайдаланылуда. Келешекте «Регион Строй» серiктестiгiнiң озық тәжiрибесi кеңiнен насихатталып, панельдi тұрғын үйлердi көптеп салуға даңғыл жол ашары сөзсiз.

Мақаланың шыққан күні: 16.08.2017
Қаралым саны: 342
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2017 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро