Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.11
EUR | KZT 419.37
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-14 °C
2018 ж. желтоқсанның 13
Ақмола облысында тарихи-мәдени мұра нысандары кодталды

Ақмола облыстық мәдениет басқармасы жанындағы тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану бойынша орталықтың ұйымдастыруымен «Ескерткiштер сыр шертедi» акциясы және қазiргi заманғы технология QR-кодтардың көмегiмен өңiрдегi киелi нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды.

Бұл өңiрдегi көрiктi жерлер туралы мәлiметтердiң облыс тұрғындары мен қонақтарына және туристер үшiн қолжетiмдi болуына септiгiн тигiзбек. Ақмола облысында тарихи-мәдени мұра нысандары кодталды «Аталмыш жоба елiмiзде Павлодар және Ақмола облыстарында ғана жүзеге асырылып отыр. QR-кодтың басты артықшылығы ол смартфондағы мобилдiк қосымша арқылы цифрландырылған ақпаратты анықтауда жеңiл. Яғни, QR-кодтары бар кесте арқылы өңiрдiң тарихи және мәдени нысандарымен танысуға болады.

Сондай-ақ, онлайн жүйе арқылы қажеттi ақпаратты да жүктеуге мүмкiндiк бередi. Оған қоса, QR-кодтар арқылы негiзгi тарихи мәлiметтер бар мәтiннен бөлек, тарихи тұлға мен оқиғалар туралы көркем фильм жүктеуге болады. Аталмыш жоба облыс тұрғындары мен қонақтары және туристерден бөлек, танымдық жағынан өсiп келе жатқан келешек ұрпақтың да қызығушылығын арттыратыны сөзсiз.

Ақмола облысындағы киелi 1032 тарихи және мәдени ескерткiштiң әзiрге 20 ғана туралы ақпарат QR-код арқылы цифрландырылған. Олардың арасында Бурабай кентiндегi Абылайхан алаңы, Ерейментау ауданында XVIII ғасырда өмiр сүрген қолбасшы, Бөгенбай батыр ескерткiшi, Атбасар ауданындағы танымал жазушы Iлияс Есенберлин ескерткiшi, Көкшетау қаласындағы Абылайхан, Ақан серi, Бiржан сал, Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлiк Ғабдуллин ескерткiштерi және Көкшетау қалалық мұражайы бар. Алдағы уақытта өңiрдегi өзге де тарихи-мәдени ескерткiштердi кодтау жоспарланған.

Мақаланың шыққан күні: 04.01.2018
Қаралым саны: 3282
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?