Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Салық кодексінің нормаларын нақтылау

Кокшетау қаласы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы, Салық кодексiнiң электронды тауарларды саудалауды салықтық басқаруға қатысты нормаларын нақтылау мақсатында төмендегiлер туралы хабарлайды.

Салық салу мақсаттары үшiн Салық кодексiнiң 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.Тауарлармен электрондық сауда — бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталған кезде:

-тауарларды өткiзу жөнiндегi мәмiлелердi ресiмдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

-тауарлар үшiн ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргiзiлсе;

-тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткiзетiн өз қызметi болса не жүктердi тасымалдау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi;

-курьерлiк және (немесе) пошталық қызметтi жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегiмен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

Салық кодексiнiң 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берiлген.

Сонымен бiрге Салық кодексiнiң 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртiппен, жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде қызметтiң басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негiзiнде жүргiзiледi.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрiн жүзеге асыру басталғанға дейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ұсынылады.

Салық кодексiнiң 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушi осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығын 100 пайызға азайтады.

Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн, осындай қызмет жөнiндегi операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi ескерiлген кiрiстер жылдық жиынтық кiрiстiң кемiнде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелерi қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеушi осы баптың ережелерiн қолдануға құқылы емес.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК.

Қазақстан Республикасының Кодексiнiң (Салық кодексi) қолданысқа енгiзу туралы заңының 257 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейiн келесi редакциясында әрекет етедi: «жалпыға бiрдей белгiленген салық салу режимiн қолданатын дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасы мынадай тәртiппен айқындалады:

дара кәсiпкердiң осы Кодекстiң 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кiрiсi,

алутауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiалуосы Кодекстiң 341-бабының 1-тармағында көзделген, кiрiстi түзету сомасы,алуосы Кодекстiң 342-бабында көрсетiлген мөлшерде және тәртiппен салықтық шегерiмдер сомасы.

Дара кәсiпкер кiрiсiнiң салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсiне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған терiс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуi ескерiле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетiн кiрiстер дара кәсiпкердiң салықтық кезең үшiн жиынтық түрде алған кiрiсiнiң кемiнде 90 пайызын құраса, жүргiзiледi. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсiпкер осы тармақтың бiрiншi бөлiгi үшiншi және төртiншi абзацтарының ережелерiн қолдануға құқылы емес».

Сондай-ақ Заңының 48-бабының сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер патент құнына кiретiн жеке табыс салығының сомасын есептеудi, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кiрiстердi қоспағанда, салық салу объектiсiне 2 пайыз мөлшерiнде мөлшерлеменi қолдану арқылы жүргiзедi деп анықталған.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде тiркелген СТ-лерге Салық кодексiнiң нормаларына сәйкес салықтық преференциялар берiледi.

Мақаланың шыққан күні: 02.04.2018
Қаралым саны: 478

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?