Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.87
EUR | KZT 432.52
RUB | KZT 6.11
Көкшетау қ.
22 °C
2019 ж. шiлденiң 22
Ақмола облысы әкімінің Степногорск қаласының Шаңтөбе кентіне және Сандықтау ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Степногорск қаласы Шаңтөбе кентiнiң балалар мен жасөспiрiмдердiң мектебiнде жаттығу сабақтарына қатысты және Сандықтау ауданының Балкашино ауылында «Болашақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенiнде болды. Өңiр басшысы жаттықтырушы ұжыммен және жас спортшылармен жылы әңгiмелестi, оларға үлкен жарыстарда жеңiс және нәтижелi оқу жетiстiктерiн тiледi.

Көрсетiлген спорт мекемелерiнен басқа, облыс әкiмi бiрқатар әлеуметтiк маңызды объектiлердi, атап айтқанда: Шаңтөбеде балабақша мен мектептi, арнайы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығын; Балкашинода мектептер мен аудандық аурухананы өзi зерделедi, онда кадр мәселелерi талқыланды.

2018 жылы әлеуметтiк қызмет көрсету орталығында 560 млн.теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлдi. Бүгiн, мұнда тұратындар тұру жағдайымен риза, оны Ермек Маржықпаевқа айтқан сөздерiнен бiлуге болады. «Таза және жайлы. Бiзге жақсы күтiм көрсетiледi. Тамағы да жақсы», — дедi әлеуметтiк қызмет алушылар, олардың көпшiлiгi еңбек терапиясының курстарына барады. Осы жерде оларды папье-маше техникасына, кәрзеңке тоқуға, пiшуге және сәндi-қолданбалы өнердiң басқа да түрлерiне үйреттi. Сондай-ақ, олар түрлi деңгейдегi музыка және спорт жарыстарының белсендi қатысушылары болып табылады.

Ермек Маржықпаев «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған «Шаңтөбе-энергокешен» ЖШС жаңа қазандығын қарап шықты. Жобаның жалпы құны — 1,2 млрд.теңгеден астам. Қыста қазандық штат режимiнде жұмыс iстедi. Кәсiпорынның директоры Руслан Птухов ақпараттандырғандай, бұрынғы қазандыққа қарағанда шығын 38-40%-ға төмендеген. Сондай-ақ, облыс әкiмi «Шаңтөбе — Балкашино» жолын жөндеудiң барысымен танысты. Оның жалпы ұзындығы 56 км. Өткен жылы 11 км жөнделдi, ағымдағы жылы жол жамылғысы тағы 20 км жаңартылатын болады.

Өңiр басшысы Балкашино ауылындағы «Халал» жартылай фабрикаттар өндiру жөнiндегi цехтың жұмысына жақсы баға бердi. Бұл шағын кәсiпорын «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасының нәтижесiнде дамыды. Үшпара, манты, самса, шешен галушкасы — өндiрiлетiн өнiмнiң толық емес тiзбесi. Цех басшысы Сера Умарованың айтуы бойынша сүт фермасын ашу есебiнен өндiрiстi кеңейту жоспарлануда.

Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының әкiмi Асқарбек Үйсiмбаевқа жаппай кәсiпкерлiктi белсендi дамытуды, атап айтқанда халыққа «қарапайым заттар экономикасы» жобаларын кредиттеу тетiгiн түсiндiрудi тапсырды.

Максимовка ауылында облыс әкiмi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң iрi ұйымдастырушысы, белгiлi меценат, «Свободное» ЖШС басшысы Александр Закусиловпен кездестi. Шаруашылық субъектiсiнiң қаражатына салынған қоғамдық моншаны және жаңа қалашықты қарау барысында облыс әкiмi 10 жайлы үйлердiң бағасына қызығушылық танытты. «Бiз өз қаражатымызға салдық. Ол ақшаны бiздiң жұмыскерлер тапты, сондықтан тұрғын үйге мұқтаждарға бiз мiндеттi түрде көмек көрсетемiз», — дедi А.Закусилов. Қоныстанушылардың кәсiпорын қызметкерлерi, көпбалалы ана мен мектеп мұғалiмi екенiн атап өту қажет.

Ермек Маржықпаев Александр Закусиловты «Үлкен есiмдi меценат» деп атады және адамдарды ауылда қалдыруға бағытталған бiрқатар маңызды шешiмдерi үшiн алғысын бiлдiрдi.

Әкесiнiң игi iсiн кiшi — Александр Закусилов та жалғастыруда. 15 жылдан астам уақыт бойы ол «Максимовское» ЖШС басқарады. Өткен жылдың соңында туған ауылына ол континентальды хоккей лигасының стандарттарына сәйкес келетiн қымбат тұратын жабық хоккей кортын сыйлады. Осы уақытқа дейiн мұнда жаттықтырушы болған жоқ. Облыс әкiмi жуық арада хоккейден жаттықтырушының штат санын бөлу туралы мәселенi қарастырып, жағдайды түзетуге сөз бердi.

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2019
Қаралым саны: 187

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?