Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.87
EUR | KZT 432.52
RUB | KZT 6.11
Көкшетау қ.
23 °C
2019 ж. шiлденiң 22
Ақмола облысы әкімінің Бурабай ауданына жұмыс сапары

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев өзiнiң Бурабай ауданына жұмыс сапарының барысында «RG Gold» iрi қазақстандық компаниясының «Райгородок» алтын кен орнында болды — деп хабарлайды облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi.

Өңiр басшысы өндiрiстiк учаскелерде болу кезiнде алтын өндiрудiң технологиялық процестерiмен танысты.

Кәсiпорынның бас директорының мiндетiн атқарушы Бауыржан Тiлеулинов жаңа алтын өндiру фабрикасын iске қосу бойынша жоспарларымен бөлiстi. Қазiргi уақытта, компания жылына 2 млн.тонна руда көлемiнде үймелiк ерiтiндiлеу тәсiлiмен тотыққан руданы қайта өңдейдi. 2021 жылы компания бастапқы руданы қайта өңдеуге ауысуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта ТКБК салуға ниеттi, онда тiкелей циандау технологиясы қолданылатын болады. Қайта өңдеу көлемi жылына 5 мың тонна рудаға дейiн артатын болады. Жобаны жүзеге асыруға инвестициялау көлемi 130 млрд.теңгенi құрайды. 1 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Облыс әкiмi кәсiпорынның одан әрi дамуы, өңiр экономикасымен қатар, тұтастай елдiң пайдасына қызмет ететiнiн атап өтiп, жобаны қолдады.

2014 жылы «RG Gold» компаниясы тұрақты негiзде жергiлiктi тұрғындарға әлеуметтiк қолдау көрсетiп келедi. Ағымдағы жылы 36 млн.теңгеге Николаевск орта мектебiне жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде, сол күнi өңiр басшысы ол объектiде де болды. Кәсiпорын қаражатының есебiнен өткен жылдары Райгородок ауылында су құбыры және су қысымды мұнара салынды, аудандық жол жөнделдi. Успено-Юрьевка және Николаевка ауылдарында жиһаз, компьютерлер сатып алынды, жөндеу жүргiзiлдi.

Атамекен ауылында облыс әкiмi жеке кәсiпкер Болат Әбдiрахмановтың сүт-тауарлы фермасында болды. 2018 жылы «Агробизнес — 2020» және «Сыбаға» бағдарламалары бойынша фермер Чехиядан монбельярд және симментальды тұқымды IҚМ 189 мал басын сатып алды. Тағы симментальды тұқымды 16 мал басын өткен айда Словакиядан әкелдi. Бүгiнгi таңда шаруашылықта IҚМ шамамен 500 мал басы бар.

IҚМ монбельярд тұқымы Францияда өсiрiлген, оның сүт өнiмдiлiгi айтарлықтай жоғары. Қазақстан аумағына монбельярд тұқымын алғаш рет Болат Әбдiрахманов әкелген болатын. Өңiр басшысы Бурабай ауданының әкiмдiгiне ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлердiң, шағын және орта бизнес өкiлдерiнiң арасында мемлекеттiк қолдау құралдары туралы белсендi түсiнiктеме беру жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Щучинск қаласында жуық арада «Жеке батыр» жаңартылған шипажайы ашылатын болады, ол 5 қабатты жаңа корпустан және екi реконструкцияланған ғимараттардан тұрады. Медициналық қызметтердiң кеңауқымды спекторымен қатар, мұнда белсендi демалу үшiн жақсы жағдай жасалатын болады. Ермек Маржықпаев құрылыс жұмыстарына оң баға бердi. Щучинск-Бурабай курорттық аймағында жоғары сапалы орналастыру объектiлерiнiң артуына байланысты, облыс әкiмi жауапты қызметтерге бiлiктi персоналды iрiктеудiң ұйымдастырылуын тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында өңiр басшысы аудан орталығының бiрқатар көшелерiн аралады. «Қарапайым iстермен неге айналыспайсыңдар? Өткен аптада ғана осы жерде мен шабылмаған шөп туралы айтқан болатынмын, алайда ештеңе өзгерген жоқ. Әсiресе, курорттық жерде тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету керек», — дедi Ермек Маржықпаев, сондай-ақ Щучинск пен Бурабайды абаттандыру мәселелерi өзiнiң жеке бақылауында болатынын жеткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2019
Қаралым саны: 81

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?