Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 384.87
EUR | KZT 432.52
RUB | KZT 6.11
Көкшетау қ.
23 °C
2019 ж. шiлденiң 22
Тұңғыш Президенттің бастамалары – халық игілігіне бағытталған бағдарламалар

Өткен жылы елiмiздiң Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттiң бес әлеуметтiк бастамасы» жөнiнде халыққа арнаған Үндеуiнде: «Бұл қадам талайдан берi менiң көкейiмде жүр. Бiрақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы керек едi. Мiне, сол күн де туды!» деп әрбiр қазақстандық отбасына баспана алудың жаңа мүмкiндiктерiн беру, жалақысы төмен жұмыскерлердiң еңбекақысын көбейту жөнiндегi кең ауқымды шараларды жариялаған болатын. Олар ел экономикасының алға басуының, қоғамдағы саяси тұрақтылықтың арқасында жүйелi iске асырылып қана қоймай, ауқымдары одан әрi кеңейтiле түсуде.

Парламент Елбасының ел игiлiгiне бағытталған бастамаларын қажеттiлiгiне қарай заңнамалық тұрғыдан уақтылы қамтамасыз еттi. Мәселен, Мәжiлiстегi «Нұр Отан» партиясы фракциясына мүше — депутаттардың бастамасымен қолданыстағы заңнамаға «7-20-25» бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн түзетулер енгiзiлдi.

Аталған бағдарлама бойынша былтыр екiншi деңгейлi 8 банк арқылы 4350 отбасының өтiнiмдерi мақұлданып, соның 3497-сi жалпы сомасы 42 миллиард теңгенiң жеңiлдiктi несиесiн алды. Әйткенмен 1237 отбасының өтiнiмдерi қанағат¬тан¬дырылған жоқ. Бұған олардың жеткiлiктi кiрiсi болмауы және несиелiк тарихының нашарлығы, яғни бұрынырақ банктерден алған қарыз¬дарын өтемегендiгi себеп болды.

Көптеген азаматтың 20 пайыз мөлшерiндегi бастапқы жарнаны төлеуге мүмкiндiгi жоқтығын ескерген Елбасы 2018 жылғы

5 қазанда жария еткен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапа¬сын арттыру» Жолдауында әкiмдерге жергiлiктi бюджет есебiнен бiлiктiлiгi жоғары педагогтерге, медицина қызметкерлерiне, полицейлерге және өңiрге қажеттi басқа да мамандарға тұрғын үй сертификаттарын берудi тапсырған болатын. Бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласының әкiмдiгi өзге өңiрлерге өнеге көрсетiп, баспанаға мұқтаж 100 отбасының әрқайсысына бастапқы жарнаны төлеу үшiн 1 миллион теңге мөлшерiнде қаржылай көмек бердi.

Қазiр «7-20-25» бағдарламасын iске асыру тетiктерiн одан әрi жетiлдiру қарастырылуда. Осы орайда бiздiң сайлаушылармен болған кездесулерiмiзде ата-аналар өз балаларына жеңiлдiктi ипотекамен баспана сатып әперуге рұқсат берудi сұрағандығын айта кеткен жөн. Сондай-ақ ауылдық жерлерде қызмет iстейтiн мұғалiмдер мен дәрiгерлер де аталған бағдарламамен қаладан пәтер сатып алғылары келетiндiктерiн бiлдiрдi.

Елбасы кiрiсi төмен көпбалалы, толық емес және мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылардың қамын ойлап, Nur Otan партиясының ХVIII съезiнде оларға Тұрғын үй¬құрылысжинақбанкi арқылы несие өсiмiнiң мөлшерлемесi 2-3 пайызды құрайтын тұрғын үй займдарын берудi тапсырғаны мәлiм. Бұл мақсатқа жақында республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде 50 миллиард теңге бөлу қарастырылды. Осы игi бастамаға 7 жыл iшiнде 350 миллиард теңге жұмсалмақшы. Мұның өзi жыл сайын 6 мың көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Елбасының жалақысы төмен жұмыскерлердiң еңбекақысын көбейту үшiн олардың салық жүктемесiн азайту жөнiндегi бастамасы да заң жүзiнде негiзделiп, үстiмiздегi жылдан бастап жалақысы 25 айлық есептiк көрсеткiштен (немесе 63 мың 125 теңгеден) төмен 2 миллионға жуық адамның жеке табыс салығының мөл¬шерi бұрынғы 10 пайыздан 1 пайыз¬ға дейiн азайтылды. Сондай-ақ бюджеттiк мекемелерде жұмыс iстейтiн 275 мың қызметкердiң жалақысы орта есеппен 35 пайызға өсiрiлдi.

Халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатын көздеген Елба¬сы¬ның Nur Otan пар¬тиясының ХVIII съезiнде берген тапсырмасына сәйкес атау¬лы әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың жиын¬¬тық кiрiсiн есептеу кезiнде мы¬¬на¬дай тө¬лем түрлерi — «Күмiс ал¬қа¬мен» және «Алтын алқамен» наград-тал¬ған көпбалалы аналар мен көпбала¬лы отбасыларға берiлетiн жәрдем-ақы¬лар, мүгедек балаларға берiлетiн жәр¬демақы және студенттiк стипен-диялар есепке алынбайтын болып шешiлiп, заңдастырылды. Осы жөнiнде Мәжiлiс депутаттары өткен жыл¬ғы қарашада болған «Үкiмет сағатында» Үкi¬мет¬ке тиiстi ұсыныстар енгiзген болатын.

Елбасының Nur Otan партия¬сының ХVIII съезiнде берген тапсырмасына сәй¬кес 2019 жылғы 1 шiлдеден бастап аза¬мат¬тық қызметшiлердiң, мем-лекеттiк бюджет есебi¬нен ұста¬латын ұйымдар қыз¬мет¬кер¬л嬬рiнiң жବлақысы 30 пайызға көтерi¬ле¬дi. Бұл шара денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеу¬меттiк қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруа¬шы¬лығы және бас¬қа салалардағы 1 мил¬лион¬нан астам азаматтық қызметшiнiң әл-ауқа¬тын бiршама арттыруға мүмкiндiк бередi. Сон¬дай-ақ тұрғындармен тi¬ке¬лей жұмыс iстей¬тiн атқарушы орган¬дар¬дың төменгi буын қыз¬мет¬керлерiнiң жалақысы орташа алғанда 25 пайызға көбейтiледi.

Бұдан бөлек, биылғы оқу жылында бiлiм гранттарының саны 20 мыңға ұлғайтылды. Қазiргi таңда 69 мың 59 студент жоғары оқу орындарында мемлекет есебiнен оқып жүр. Жоғары бiлiмдi техникалық кадрлар мен ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауға жұмсалатын шығын әрбiр грантқа шаққанда 346,6 мың теңгеден 635,8 мың теңгеге дейiн көбейтiлдi.

Әйткенмен ветеринария сала¬сы¬ның ма¬ман¬дарын даярлауға бөлiнетiн бюджет шы¬ғын¬¬дары бұрынғы мөл¬шерде қалғандығы қисын¬сыз деп санаймыз. Алдағы уақытта бұл мәсе¬ле де оң шешiмiн табуға тиiстi.

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлi¬ме¬тiне сүйенсек, қазiр 91 мың сту-дент жатақ¬хана¬ға мұқтаж. Өткен жылы оқу орындары өз қаражаттары есебiнен жалпы саны 2780 студентке арналған 10 жатақхананы пайдалануға бер¬ген. Үстiмiздегi жылы тағы 5 мың сту¬денттi жатақ¬ханамен қамтамасыз ету жоспарланған болса, iс жүзiнде қазiр 8 мың 294 орынға арналған жа¬тақ¬ханаларды пайдалануға беру жө¬нiнде 19 шарт жасалған.

Сонымен қатар Денсаулық сақ¬¬тау минис¬тр¬¬лiгiне қарасты Се¬мей мем-лекеттiк ме¬д謬цина универ¬си¬те¬тiнiң республикалық бюд¬жеттен 2 мил¬лиард 246 миллион теңге¬ден астам қаржы бөлiнген 1000 орын¬дық студент¬¬тiк жатақханасының құрылысы 2014 жыл¬дан берi салынып бiтпей, қазiр тоқ-тап тұрғандығын ескермей болмайды. Мұн¬дай сорақы кемшiлiктiң себебi — аталған объектiнi салу бойынша өткiзiлген конкурста материалдық-техникалық базасы да, құрылыс салу тәжiрибесi де мүлдем жеткiлiксiз, екiн¬шi санаттағы құрылыс ұйымы жеңiске жет¬кен¬дiгiнде.

Елбасының шағын несие берудi көбейту жөнiн¬дегi бастамасын iске асыруға өткен жылы республикалық бюджеттен қосымша 20 миллиард теңге бөлiнiп, қаржыландыру кө¬лемi 62 миллиард теңгеге дейiн ұлғай-тылды. Алайда, жаппай кәсiпкерлiктi да¬мытуға бағытталған осынша қаржы¬ның 59,5 мил¬лиард теңгесi немесе 95 пайызы ғана игерiлген.

Бiз ауылдық елдi мекендерде бол¬ған сайын жеке кәсiбiн ашқысы ке¬летiн азамат¬тар¬дың екiншi деңгейлi банктердiң филиал¬дары талап ететiн кепiлдiң болмауына бай¬ланысты несие ала алмай жүргендiктерi жай¬лы шағымдарын естiп жүрмiз. Өйткенi оларға ауадай қажеттi ақпарат жетпей жатыр. Айталық олар «Ауыл шаруа¬шылығын қаржы¬лай қолдау қоры» акционерлiк қоғамы (АҚ) ауылдағы тұрғын үйлердi де, жердi де, авто-көлiктi де, өзге техниканы да кепiлдiк мүлiк ретiнде қабылдайтындығынан бейхабар болып шықты. Осы қор былтыр Нәти¬же¬лi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiп¬кер¬лiк¬тi дамыту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 30 миллиард теңгенi құрайтын 9 мың¬ға жуық шағын несие берген. Ал биыл ауыл кәсiп¬керлерiн несиелендiру көлемiн 50 миллиард теңгеден асыруды көздеп отыр.

Жалпы, ауыл тұрғындары кәсiп¬кер¬лiкпен айналысқысы келетiн адам¬дарға мемлекет тарапынан әр¬түр¬лi жеңiлдiктер қарастырылып отыр¬ған¬дығын және «Сыбаға» сияқты бағ¬дар¬ламалардың тиiмдiлiгiн бiле бермейдi. Себебi оларды көпшiлiкке түсiндiру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау жет¬кi¬лiксiз.

Қыста жағылған көмiрдiң қара тү¬тiнi бу¬дақтап, тынысты тарылтып тұратын өңiр¬лер¬дiң тұрғындары Елба¬сының елдi газбен қамта¬масыз етудi жалғастыру жөнiндегi бас¬тବмасының игiлiгiн көретiн күн де алыс емес, «Са¬рыарқа» магис¬тральды газ құбы¬рының бiрiн¬шi кезең¬iндегi желiсiнiң құрылысы өткен жылғы желтоқсан айын¬да басталды. Оны аяқтау және гид¬росынақтан өткiзу 2019 жы묬дың со¬ңына белгiленiп отыр. Осы мақ¬¬сатқа әртүрлi қаржыландыру көз¬дерiнен 267,3 миллиард теңге жұм¬салмақшы. Газ құбы¬рын салу барысын¬да 1690 жұмыс орны құры¬лады, ал оны пайдалану кезiнде 200 адам тұ¬¬рақты жұ¬мыспен қамтылады. Энер¬гетика минис¬тр¬¬лiгiнiң мәлiметiне қара¬ғанда, келесi жы¬лы Нұр-Сұлтан қа¬ла¬сына, Ақмо¬ла және Қарағанды об¬лыс¬тарының елдi ме¬кен¬дерiне «көгiлдiр отын» берiле бастайды.

Түйiндей айтсақ, Елбасының әлеу¬меттiк баста¬малары бүгiнгi таңда ел билiгiндегi сали¬қалы сабақтастықтың ар¬қа¬сында дәйектi жалға¬сын тауып, ха¬лық игiлiгiне бағытталған, аса мବңызды әрi ұзақмерзiмдi бағдарламалар ре¬тiнде iске асырылу үстiнде.

Кәрiбай МҰСЫРМАН,
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты,
«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесi
(«Егемен Қазақстан»).

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2019
Қаралым саны: 111

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?