Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 361.15
EUR | KZT 414.71
RUB | KZT 5.53
Көкшетау қ.
-0 °C
2018 ж. қазанның 24
Елеулі өзгерістер күтіп тұр

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Иван Юрченко сала басшыларымен Красный Яр селосында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

И.Юрченко алдымен Красный Яр селосы мен Чайкино поселкесiн байланыстыратын көпiрде жүргiзiлетiн құрылыс жұмыстарының барысын талқылады. Коммуналдық шаруашылық мекемелерi мамандарының айтуынша, көктемде мөлшерден тыс ағын суы жiберiлгендiктен, көпiрдiң жанындағы бос топырақты шайып кеткен. Тиiстi қаражат бөлiнiп, көпiр салынатын жер жан-жақты зерттелiп, жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, құрылыс жұмыстары басталған. И.Юрченко құрылысқа пайдаланылатын материалдардың сапалы болуына баса назар аудару қажеттiгiн тапсырды. Мердiгер мекеме өкiлi көпiр салуға қажеттi материалдың толық дайын екендiгiн жеткiздi. «Көпiр құрылысы — өте жауапты iс. Өз мiндетiмiзге алғасын, оның сапалы әрi нық тұруына кепiлдiк беремiз. Бұған дейiнгi құрылыстардың ешбiреуiнен ақау табылған жоқ. Әрине, мұны мекемедегi мамандар мен жедел техникалық қызметкерлердiң жоғары бiлiктiлiгiнiң арқасы деп бiлемiн», — дейдi «Рамазанов» жеке кәсiпкерлiгiнiң өкiлi Аслан Нұрбайұлы. Өз кезегiнде мердiгерлерге көпiр құрылысын уақытылы аяқтап, жұмыс сапасын бақылауда ұстау тапсырылды. Қазiргi күнi Чайкинода 1,5 мың адам тұрып жатыр. 200-ге жуық бала мектепке барады. Келер жылы поселкедегi мектепке апарар жолды асфальттап, жаяу жүргiншi жолын жасау жоспарда бар. Сондай-ақ, жарықтандыру жұмысы қоса жүргiзiлетiн болады. Бұдан соң сала басшылары селодағы электрмен жабдықтау желiсi құрылысының барысымен танысты. Аталған мақсатқа 76 миллион теңге қаражат бөлiнген. Электр бағандарын орнату жұмыстарымен «Көкше электр монтаж» ЖШС айналысуда. Нәтижесiнде 220 үй жарықпен қамтылады деп күтiлуде. Серiктестiк мамандарының айтуынша, құрылысқа пайдаланылатын электр бағандары жергiлiктi кәсiпорында өндiрiлсе, шамдар Ресейден жеткiзiлуде. Жарықтандыру жұмыстары биылғы жылдың желтоқсанына дейiн толық аяқталмақ. Мердiгер ұйым өкiлдерiне бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдаланып, жұмысты мерзiмiнен кешiктiрмеу тапсырылды.

Сала басшылары атбасын бұрған Красный Яр селосындағы жел электр станциясын «Ветер Инвест Кокшетау» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi салуда. Жаңа жоба селоны толықтай электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы екенiн айтады мамандар. Тағы бiр маңызды жоба — Красный Ярда «Жобалау құрылыс компаниясы» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқысты сұрыптау желiсiн iске қосуда. Желдi күндерi ашық аспан астында жан-жаққа ұшып, қоршаған ортаға зиян келтiретiндiктен, алдағы уақытта қоқысты жабық алаңда сұрыптау көзделуде. Ал, қоқыс өңдеу зауытының құрылысы алдағы жылдардың еншiсiнде.

Мақаланың шыққан күні: 12.10.2018
Қаралым саны: 70
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус