Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Нақты жауаптар берілді

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев тұрғындарды жеке мәселелерi бойынша қабылдап, олардың өтiнiш-тiлектерiн тыңдады.

Зейнеткерлер Петр Кузьменко мен Раиса Нұртаева саяжайды екiншi үйiндей көретiн жандар. Қарияларды Зерендi бағытындағы учаскелерге қоғамдық көлiктердiң қатынауы қызықтырады. Соңғы жылдары саяжайларға үй салып, қоныстанып жатқандардың саны өстi. Қазiр онда 350 отбасы тұрады, оның 18-i балалар. Қалалық әкiмшiлiк оқушыларды мектепке апарып, алып келетiн көлiк бөлген. Бiрақ қариялар сол бағытқа жүретiн автобустарды мерзiмiнен бұрын жүргiзудi сұрады. Қоғамдық көлiктер мамыр айынан бастап қана жiберiледi, ал саяжайлардағы талдардың көбi оған дейiн өлiп қалады. Қала әкiмi бұл күрделi мәселе екенiн, шаһар ұлғайған сайын әр бағытқа автобус қатынасын реттеу қажеттiгiн алға тартты. Дегенмен жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларымен ақылдасып, саяжайларға қоғамдық көлiктер сәуiрдiң 1-i мен қарашаның 15-i аралығында жүретiндей реттеуге уәдесiн бердi. Саяжайлардағы ұрлық мәселесi де көтерiлдi. Ол да назарға алынатын болды.

Кооперативтердiң инфрақұрылымын дамыту жайы да сөз болды. 2001-2013 жылдарға арналған бау-бақшаны дамыту бағдарламасы шеңберiнде бюджеттен бұл мақсатқа қаржы бөлiнген жоқ. 2014 жылы Зерендi бағытындағы «Удачник» пен «Березка» және Красный Яр бағытындағы «Сельхозтехника» кооперативтерiнiң электр желiсi қалыпқа келтiрiлiп, көшелерi жарықтандырылып, трансформатор орнатылған едi. Тұрғындар одан көбiрек учаскенi қамтуды сұрады. Қала әкiмi алдағы уақытта барлық ведомстволық орган өкiлдерiн қатыстырып, жиын өткiзетiнiн айтты. Сонда жан-жақты талқыланады.

Екiншi топтағы мүгедек Гүлнәр Хамзина баспана жайын бiлуге келiптi. Екi баласымен жалдамалы жер үйде тұрады. Жүрiп-тұру қиындап кеткендiктен, көпқабатты үйден пәтер алуды жеделдеткiсi келедi. Қазiр 1552-шi болып кезекте тұр. Ермек Боранбайұлы егер оның тұрған үйi жарамсыз деп танылса, комиссияның шешiмiмен баспана жайын шешуге болатынын айтты.

Елена Хан Көкшетау қаласындағы Садовая көшесiнде орналасқан 19-шы үйдiң жерiн жекеменшiгi санап келiптi. Көп жыл бойы «ТрестКөкшетаустрой» ұйымында жұмыс iстеп, осы учаскеге қол жеткiзген. Алайда, 2017 жылы ол жердiң иесi аяқ астынан табылып, бұған аумақтан бойын аулақ ұстауды талап етiптi. Ал, Еленаның жер иесi екенiн дәлелдейтiн құжаттары жоқ. Дегенмен мұрағатты ақтарып, өзiне бұл жер учаскесi кезiнде берiлгенiн көрсететiн қағазды тауып алыпты. Мұндай жағдайлар жиi орын алады дейдi жер қатынастары бөлiмiнiң жетекшiсi Рауан Исин. Сондықтан мұндай даулар тек сотпен шешiледi. Қала әкiмi бұл мәселенi назарға алып, әйелге көмек берiледi дедi.

Ал, базар маңына павильон қойып, сауда жасағысы келетiн ерлi-зайыпты Рахматуллиндерге ондай орындар байқау, аукцион арқылы жүргiзiлетiнi және оған еш шектеу қойылмайтыны айтылды.

№1 мектептiң денешынықтыру пәнiнiң мұғалiмi Руслан Абдрашитов бiлiм ошағының ауласында спорт алаңын салу мәселесiмен келiптi. Алайда, бұл мүмкiн емес. Өйткенi, мұндай құрылыс нысандары тек үй аулаларында ғана тұрғызылады.

Қала әкiмiне қабылдауға келген әр тұрғынның өтiнiш-тiлегi тыңдалып, нақты жауап берiлдi.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

2018, январь

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2018
Қаралым саны: 506
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро