Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.83
EUR | KZT 430.99
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
18 °C
2019 ж. маусымның 26
Әлеуметтік нысандар ашылды

«ADEMI» деген атаумен ашылған монша Құдайбердиев көшесi, 37 мекенжайы бойынша орналасқан. Бұл жоба бизнес-құрылым өкiлдерiн қолдау арқылы туған өңiрдi дамытуды көздейдi. Моншаның иелерi бағаны да тым шарықтатпапты. Ерлер мен әйелдерге арналған 50 орындық қоғамдық қызмет көрсету жайында ересектер үшiн — 600, зейнеткерлерге — 400, 7 мен 12 жас аралығындағы балаларға — 300, 7 жасқа дейiнгi балаларға — 200 теңге белгiленген. Нысанның iшiн аралап көрген қала басшысы бұл маңның инфрақұрылымын ары қарай дамыту қажет дедi. Мөлтек ауданда аулаларды жөндеу, ойын және спорт алаңдарын салу жоспарланған. Қала әкiмi №17 орта мектеп-гимназиясында салынған жылыжайды көруге барған кезде Наурыз мерекесi тойланып жатыр екен. Аталған жылыжайда оқушылар көкөнiс өнiмдерiн, түрлi хош иiстi гүлдердi егедi. Мектептiң жас табиғат зерттеушiлерi өскiндердi күтiп-баптау жөнiнде әңгiмеледi. Тiптi, қазiрдiң өзiнде қияр өсiп қалыпты. Жылыжайлардың жұмысын ұйымдастыру мен жастарды еңбекке баулу бо-йынша тәжiрибелердi облыс орталығындағы басқа да бiлiм ошақтарына енгiзу қажеттiгiн шаһар басшысы еске салды.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 27.03.2018
Қаралым саны: 460

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?

Сіздің жасыңыз?