Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Қала келбеті көркейе түседі

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев облыс орталығындағы құрылыс нысандары мен тұрғын үй аулаларында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен қала басшысы Вавилов көшесi бойындағы жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Учаскелерге жөндеу жұмыстарын «Көкшетау автодор» серiктестiгi жүргiзуде. Қала әкiмi мердiгер ұйымдардың назарын жұмыстың сапасы мен белгiленген мерзiмде аяқталуына аударды.

Қала аралау кезiндегi кезектi нысан «Боровской» мөлтек ауданында бой көтеретiн балабақша құрылысы аумағында жалғасты. Мердiгер компания — «ЭлитСтори» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң директоры Серiк Ешмағамбетов қала басшысына алда атқарылатын жұмыстардың барысын баяндады. Қала әкiмi №18 орта мектептiң 420 орындық қосымша ғимараты құрылысының барысымен танысты. Құрылысшылармен кездесiп, мәселенiң мән-жайына қанықты. Алдағы оқу жылында тапсыру көзделiп отырған ғимараттың iшкi әрлеу, абаттандыру жұмыстарына қатысты сын айтылды. Ермек Боранбайұлы өз сөзiнде бұл құрылысты маңызды деп атап өтiп, жұмыс сапасына назар аударуды шегелеп тапсырды. Мердiгерлерге жұмыс барысын тездетiп, ғимарат ауласы мен маңайын көрiктендiру жөнiнде тапсырма жүктедi.

Қала әкiмi Мир көшесi бойындағы жол жөндеу жұмыстарымен таныс-ты. Құрылысшыларға асфальттау жұмыстары жауын жауғанда су жиналып қалмайтындай етiп жасалуы тиiстiгi ескертiлдi. Қала әкiмi сала басшыларына жұмыстың барынша сапалы жүргiзiлуiн және белгiленген мерзiмiнде аяқтауды тапсырды. МПС, 42 мекенжайында өткен кездесу барысында жергiлiктi тұрғындардың пiкiрi тыңдалды. Қураған ағаштар кесiлiп, аулалардың абаттандырылып жатқанына алғыстарын бiлдiрдi тұрғындар. Өз сөзiнде қала әкiмi осы аудандағы су шайып кеткен ескi көпiрге жөндеу жүргiзiлетiнiн айтты. Қалада жарамсыз ағаштарды бұтау жұмыстары жалғасып, жасыл желек санитарлық формаға келтiрiлуде. Ендiгi мәселе — аула тазалығы мен қауiпсiздiгiн тұрғындардың өздерi қамтамасыз етулерi керектiгiн атап өттi шаһар басшысы. Сапар соңында қала әкiмi «Сарыарқа» мөлтек ауданында салынып жатқан 900 орындық жаңа мектеп құрылысының басында болды. Қазiргi күнi құрылыс бригадасы әрлеу жұмыстарын қолға алуда. Қажеттi материалдар уақытылы жеткiзiлiп отырғандықтан, құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Ғимараттың iшi-сыртын түгел аралап көрген қала әкiмi электр, жылу жүйесiне қатысты да ұсақ-түйектiң бәрiн ескеруге кеңес бердi. — Құрылыс жұмыстарын қарап жүрiп, өз ұсыныс-ескертпелерiмдi айттым. Жалпы, бәрi өз деңгейiнде жүрiп жатыр, — дедi құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысқан шаһар басшысы.

 

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2018
Қаралым саны: 366

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?