Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 378.17
EUR | KZT 429.11
RUB | KZT 5.88
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. наурыздың 22
Көкшетау қаласында Наурыз мейрамын тойлау

Көкшетаулықтарды биылғы Наурызда үлкен мереке күтiп тұр.

Наурыз мейрамы 7 күн бойы «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласындағы әр күн бiр символының негiзiнде өтпек. 15 наурызда «Көкшетауға көктем келдi» тележобасы өтiп, «Көрiсу» тақырыбы ашылып жатса, 18-20 наурыз аралығында «Наурыз мейрамы», «Үкiлi сәукеле» қыз жасауын даярлау салтын көрсету, «Бесiкке салу» т.с.с. акциялары жүргiзiледi.

Наурыз мейрамын тойлаудың шарықтау шегi болып «Абылай хан» және «Тәуелсiздiк» алаңдары арасында созылған 30000 қонаққа жоспарланып отырған халықтың қыдыруы болады. Бұндай қыдырулар Красный Яр және Станционный поселкiлерiнде де театрлық қойылымдар мен концерттiк бағдарламаларымен ұйымдастырылады.

21 наурыз орталық алаңда киiз үй қалашығы орнатылып, әр қайсысында әлеуметтiк жағдайы төмен жандарға қайрымдылық ас берiледi, қала тұрғындары мен қонақтарына да ауыз тию ұсынады. Орнатылған киiз үйлер шартты түрде жетi ауылға бөлiнедi. Сахна да екi деңгейден тұратын болады, алаңдарда «Алтыбақан», «Қызғалдақ», «Отбасы» пневмопiшiндерi қойылады.

Көрермендер «Бата беру», «Атқа мiнгiзу», баланың туғанынан бастап отбасын құру кезiне дейiнгi салт-дәстүрлерi сияқты көшпендi халықтың дәстүрлер көрсетiлiмiнiң куәгерi болады.

Мерекенiң ең керемет кезi көптеген сыйлықтар таратылады: мыңнан астам көшеттер, 500 кг. алма, 1000 литр «Наурыз көже», тоннадан астам бауырсақ, сонымен қатар — балалар үшiн 5 мыңнан астам құрттан жасалған сыйлықтар.

Ұйымдастырушылар ауқымды театрландырылған қойылымдар дайындауда, мерекенiң мәнi мен сәнi көптеген образдар мен Наурыз символдары арқылы көрсетiлмек: «Қыдыр ата», «Ұмай ана», «Бүркiтшi», қазақтың Алабай, Тазы тұқымдарының қатысуымен. «Тәуелсiздiк» алаңында ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылады, жүлде қоры да қуантарлықтай.

Жастар жылының символы ретiнде қазақ халқының салт пен дәстүрлерiн және ауқымды флешмоб көрсету кезiнде ең белсендi болып жастар қатыспақ.

Мерекелiк шара Ақмола облысының шығармашылық тобы, Көкшетау қаласының мекемелерi, оқу орындары, кәсiпкерлер ұжымдарының концерттiк бағдарламасымен жалғасын табады. Iс шараның соңында елiмiзде бейбiтшiлiк пен келiсiм нығая берсiн деген ниетпен аспанға жүздеген шарлар жiберiледi.

Бұл күндерi қаланың барлық мекемелерiнде Наурыз мейрамын тойлау шаралары өтетiн болады.

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2019
Қаралым саны: 140

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?