Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 366.43
EUR | KZT 420.11
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-2 °C
2018 ж. қазанның 22
Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі

Өрт — бұл әрқашан қайғы. Алайда өрт кезiндегi қарапайым жүрiс-тұрыс қағидаларын бәрi бiле бермейдi. Және тiптi бала кезден таныс — «101-ге қоңырау шалыңыз» үрейлену кезiнде ұмытылып кетедi. Мiне, сiзге қиын жағдайда көмектесетiн бiрнеше ең қарапайым кеңестер. Басты қағида — ешқашан үрейленбеу!

Өрттердiң көпшiлiгi тұрғын үйлерде болады. Олардың себептерi әрқашан дерлiк бiрдей тозған байланыс, ақаулы электр сымдары, рұқсат етiлмеген жерлерде шылым шегу және қараусыз қалдырылған электр құрылғылары.

Егер сiзде немесе сiздiң көршiлерiңiзде өрт шықса, ең бастысы бiрден өрт күзетiн шақыру.

Егер тұрмыстық электр құрылғысы жанса, оны тоқтан ажыратыңыз, егер теледидар жанса ең алдымен, шанышқысын розеткадан жұлып немесе электр тұстамасын тоқтан ажыратыңыз. Есiңiзде болсын! Жанып жатқан теледидар көптеген улы заттарды бөледi, сондықтан да бөлмеден адамдарды бiрден шығарыңыз. Ауаның келуiн тоқтату үшiн теледидарды кез келген қалың матамен жабыңыз. Егер ол көмектеспесе, артқы қабырғасындағы тесiк арқылы теледидарға су құйыңыз. Осы кезде жанында тұрыңыз: өйткенi кинескоптың жарылуы мүмкiн. Барлық терезелер мен желкөздердiң жабықтығын тексерiп алыңыз, әйтпесе, таза ауаның болуы отты күшейтедi. Егер басқа электр құрылғылары мен сым жанып жатса, онда өшiргiш, сөндiргiш немесе электр сақтандырғыштарын сөндiру керек және осыдан кейiн өрт сөндiрушiлердi шақыру қажет.

Егер өрт бөлмелердiң бiрiнде шығып және тараса, жанып жатқан бөлменiң есiктерiн қатты жабуды ұмытпаңыздар бұл оттың барлық пәтерге және баспалдақ алаңынан тарап кетуiне жол бермейдi. Басқа бөлмелерге түтiнбес үшiн, есiктi дымқыл шүберектермен қалыңдатыңыз. Қатты түтiнге оранған кеңiстiкте еңбектеп немесе бүгiлiп қозғалу қажет.

Кең таралған пiкiрге қарамастан отты жай сумен сөндiру тиiмсiз. Ең тиiмдiсi өрт сөндiргiштi, ал ол жоқ кезде дымқыл шүберектi, құмды немесе тiптi гүл қышқұмырасының топырағын қолданған дұрыс.

Егер сiз өрттi өз күшiңiзбен сөндiре алмайтыныңызға көзiңiз жетсе тез арада кетiңiз. Құжаттарыңызды, ақшаларыңызды алып пәтерден кiру есiгiнен шығыңыз. Егер кiру есiгiне дейiнгi жол от пен түтiнге оранса өзiңiздi балкон арқылы құтқарыңыз. Айтпақшы, өрт енiп жатқан пәтердегi ең қауiпсiз жерлер балконда немесе терезе жанында. Бұл жерде өрт сөндiрушiлер сiздi тезiрек табады! Күн салқын болған жағдайда жылырақ киiнiңiз. Балконның есiгiн ақырын ашыңыз, өйткенi таза ауаның көп ағынынан от өршiп кетуi мүмкiн. Өзiңiздiң артыңыздан балконның есiгiн дұрыстап жабуды ұмытпаңыз.

Төменгi қабатқа немесе жапсарлас балкон арқылы көршiлерге өтiңiз (балкон люгы арқылы). Бiрақ есiңiзде ұстаңыз: жiптер, жаймалар және су ағызатын құбырлар арқылы түсу өте қауiптi. Сонымен қатар төменге секiруге болмайды!

Құтқарылудың тағы бiр жолы терезе арқылы. Бөлмеге кiретiн есiктi шүберектермен қалыңдатыңыз. Сiздiң шақырғаныңызды естiгендерiне көзiңiз жеткесiн түтiн аз еденге жатыңыз. Осылай, жарты сағаттай шыдауға болады.

От пен түтiн төменнен жоғарыға тарағандықтан, әсiресе жоғарғы қабаттардың тұрғындары абайлаулары керек.

Егер сiз кездейсоқ түтiнге оранған кiреберiске тап болсаңыз, қабырғаларды ұстап, шығатын есiкке қарай барыңыз (таяныштар көбiнесе тұйық жерге апарады). Биiк үйде бола тұра, оттың арасымен төменге жүгiрмеңiз, ғимараттың шатырында қорғану мүмкiндiгiн пайдаланыңыз, өрт баспалдағын қолдануды ұмытпаңыз. Өрт кезiнде лифтiнi пайдалануға болмайды оны кез келген уақытта өшiрiп тастауы мүмкiн. Сонымен қатар, сiз өзiңiздi өзiңiз қақпанға кiргiзесiз, өйткенi лифтiде жанып жатқан қабаттардың арасында тұрып, тұншықтырғыш газымен уланып қалуыңыз мүмкiн. Кiреберiстен сыртқа шыққан кезде көбiрек ауаны ұстап және де мұрныңызды және аузыңызды дымқыл мойынорағыш пен орамалмен қорғаңыз.

Құрметтi азаматтар! Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын елемеуге болмайды, сонда ғана Сiз өзiңiздi және өзiңiздiң мүлкiңiздi оттан қорғай аласыз!

Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2018
Қаралым саны: 103
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус