Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Орман өрттеріне тосқауыл қоямыз!

Жаз маусымында әсiресе орман өрттерi ерекше алаңдатады. Табиғи өрттердiң шығуының 90 пайызына адамдар кiнәлi болып табылады.

Сөндiрiлмеген от, лақтырып тасталған темекi тұқылы, көлiк құралының ұшқын өшiргiшi, орман алқабында қалдырылған шыны ыдыс, оқтың бықсыған мақтасы, бақылаусыз өртеу — осы және басқа да себептер өрттiң шығуына жиi әкеп соғады.

Шығуы ықтимал өрттiң алдын алу үшiн келесiлердi бiлу және сақтау қажет:

- қылқан жапырақты жас ағаштың iшiнде, қураған шөбi бар аумақта, орманның жел, дауыл құлатқан, кесiлген ағаштары аршылмаған орындарында, қатты жел тұрғанда, ағаш иiнiнен салбырап тұрған бұтақтары астында от жақпау керек;

- от жағатын орынды кеуiп қалған шөп, жапырақ, бұтақ пен басқа қоқыстан тазалау керек, әрi отты байқаусыз қалдыруға болмайды. От қажет болмаса су құю немесе топырақ шашу арқылы сөндiрiледi;

- демалыс орнынан отты 100 пайыз сөндiрмей, оның өрт шығу қаупi жоқтығына көз жеткiзбей кетпеңiздер;

- жанып тұрған сiреңке мен темекi тұқылын жерге тастамаңыздар, темекi шекпеңiздер және тез тұтанғыш сұйықтар мен материалдардың жанында от жақпаңыздар;

- ормандағы өрттi көзiңiз шалса, шұғыл түрде «101», «112» телефоны арқылы өртке қарсы қызметке немесе қала/селолық округ әкiмдiгiне, орман шаруашылығына хабар берiңiз.

Есiңiзде болсын, Сiздiң әрекетiңiз тек өрттiң алдын алу бойынша табиғатты сақтауға ғана емес, адамдардың қауiпсiздiгi, олардың денсаулығы мен өмiрiн қорғап қаласыз!

Көкшетау қаласы ТЖБ

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2018
Қаралым саны: 33
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро