Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Бурабай ауданының даму нәтижелелері мен перспективалары оң бағаланды

Щучье-Бурабай курортты аймағын одан әрi дами түседi. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен өткен Бурабай ауданының әкiмi Қанат Қарауыловтың өңiрдiң 2017 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға белгiленген мiндеттер туралы есептiк кездесуiнде айтылды.

Қанат Қарауыловтың сөзiнше, аудан экономикасының дамуында он серпiн байқалады. Экономиканың өсiмiне ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, шағын және орта бизнес салалары ықпал етуде. Елбасы биылғы Жолдауында алға қойылған 10 мiндеттiң үдесiнен шығуға ауданның әлеуетi жеткiлiктi.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсiп саласында 30,7 миллиард теңгенiң өнiмi шығарылды. Оның iшiнде Щучье механикалық-қазандық зауыты өндiрiс көлемiн 30 пайызға, Бурабай локомотив-вагон жөндеу депосы екi есеге ұлғайтқан.

«Өңiрде «RG Gold» алтын кен өндiру компаниясы қарқынды жұмыс iстеуде. Биылғы жылы өндiрiс көлемiн 1,5 есе арттырып, қосымша 100 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Былтыр курортты аймақта құрылыс жүргiзу және басқа әлеуметтiк нысандарды қайта құруға бағытталған бюджеттiк 7 жобаны iске асыру үшiн 2,1 миллиард теңге бөлiнiп, ойдағыдай игерiлдi. 2018 жылы тағы да 4 жаңа жоба iске асырылмақ. Мұның қатарында ашық аквапарк, Сарыбұлақ ауылындағы ипподром құрылысы бар», дедi Қанат Қарауылов.

Аудан әкiмi өз сөзiнде, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестi дамыту, инвестиция тарту мәселесiне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлiстi. Ең бастысы Шучье-Бурабай курортты аймағын дамыту, инженерлiк инфрақұрылымды орналастыру мәселесiне тоқталды. Шучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жолында 2017-2020 жылдар аралығында 30 iс-шараны жүзеге асыру қарастырылған. Осы мақсатта 61,4 миллиард теңге жоспарланып отыр. Бұл қаржыға жолдар жөнделiп, сумен қамтамасыз ету, кәрiз және су ағызу жүйлерi тартылады.

Сонымен қатар, аудан әкiмi тұрғын үй құрылысы, халықты жұмыспен қамту, денсаулық, бiлiм және спорт саласында атқарылып жатқан шаруаларды тiзбектеп айтып бердi.

Жиынды қорытындылаған облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Елбасының тапсырмасына сәйкес Бурабай курортын әлемдiк деңгейдегi туристiк орталыққа айналдыру бағытында жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға тоқтала келе, Шучье-Бурабай курортты аймағы бiрiншi кезекте газдандырылатынын атап өттi. Осы ретте, Щучье қаласындағы алты қазандық газбен жылытылатын етiп, қайта жабдықталмақ. Оған қоса, қоғамдық көлiктер де газбен жүретiн болады. Ағымдағы жылы тұғырдан секiру нысаны бар шаңғы кешенiн iске қосу жоспарланған.

Аймақ басшысы осында спорт сарайын салу да жоспарда барын айтты. Онда республикалық және облыстық деңгейдегi жарыстар өтiкiзiлмек. Бурабайға туристердi тарту мақсатында қосымша екi курортты аймақты дамыту жоспарда бар. Оның iшiнде Үлкен шабақты көлiнiң маңындағы 233 гектар аумаққа отел салу жоспарланса, Кiшi шабақты көлiнiң маңына шетелдiк инвесторлар ат спорты кешенiн салуға қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, аймақ басшысы сервистiк қызметтi арттыру, көңiл көтеретiн бағдарламаларды дайындау және туристiк маршруттарды жасауда жергiлiктi туристiк компания өкiлдерiн белсендiлiк танытуға шақырды.

Мақаланың шыққан күні: 12.02.2018
Қаралым саны: 1337
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро