Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 411.54
EUR | KZT 458.13
RUB | KZT 5.84
Көкшетау қ.
?
?
2020 ж. мамырдың 30
Қоғамдық көлiктер өз жұмысын бастады

Мамырдың 12-нен өңiрде қоғамдық көлiктердiң жұмысы қайта жанданды.

Карантин кезiнде қызметi уақытша тоқтаған 130 автобустың тең жартысы, яғни 70-i өз жұмысын жалғастырды. Тек қоғамдық көлiк иелерi мен жүргiзушiлер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиiс. «Бiз мамырдың 12-нен бастап өз қызметiмiзге қайта кiрiстiк. Яғни, таңғы 07.00-ден бастап кешкi 20.00-ге дейiн қала бойынша барлық бағытқа қоғамдық көлiктер қатынап жатыр», — дейдi «Көкшетау автобус паркi» серiктестiгiнiң бас директоры Әсия Шәрiмова. Қоғамдық көлiктердiң барлық жүргiзушiлерi автобустардың iшiн жуып-тазалап, дезинфекциялық шаралар жүргiзуiн тоқтатпайды. Оларға қойылатын басты талап та осы. Бiр бағытқа барып келгеннен кейiн санитарлық тазарту жұмыстарын үнемi жүргiзулерi қажет. Автобустардың барлығында антисептикалық құрылғылар қойылған. Ал, жүргiзушiлер мен кондукторлар маска мен қолғапта болады. Рейске шықпас алдында олар коронавирусқа қарсы тест тапсырды. Ал, жолау-шыларға қойылатын басты талап — 1 метр арақашықтықты қатаң сақтау.

 

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2020
Қаралым саны: 239

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус