Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. қазанның 22
Жыл қорытындысы сарапталды

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев қаланың 2018 жылды қорытындылауын сараптауға арналған аппарат мәжiлiсiн өткiздi. Онда қалалық экономика және бюджеттi жос-парлау бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлмира Шұқатова, қаржы бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлнар Құсайыновалардың хабарламалары тыңдалды.

Жалпы, қаланың барлық негiзгi көрсеткiштер бойынша жылды жақсы қорытындылағаны белгiлi. Ол туралы дәл осы күндерi өтiп жатқан қала әкiмiнiң тұрғындар алдындағы есептерi кезiнде де айтылып жүр. Дегенмен, әр ақпар, әр санның артында талқылауға тұрарлық деректер, ол ақпарды одан да жақсарта түсуге боларлық iс-әрекеттер тұр. Мысалы, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесiнiң бөлiнген қаржыны игеруi 99,8 пайыз, құрылыс бөлiмi 98,7 па-йыз, Красный Яр әкiмшiлiк аппараты 99,9 пайыз болып тұр. Сәл ғана белсендiрек қимылдағанда, iстi ширата түскенде жүз пайыз көрсеткiшке қол жеткiзуге болар едi. Қала басшысы Е.Маржықпаев әрбiр мекеме жетекшiсiн атқарып отырған жұмыстарына мұқият қарап, екпiндi жұмыс жасауға шақырды. Алда тұрған жоспарлы жұмыс сапалы игерiлiп, бөлiнген қаражат дер кезiнде, уақытымен игерiлуi керектiгiн ескерттi.

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2019
Қаралым саны: 287

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?