Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Құрмет көрсетілді

Қала әкiмi Ермек Маржықпаев туған өлке табиғатын көркейтуге өлшеусiз үлес қосқан ел ағасы Шабдан Тоқмурзиндi 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

«Саналы ғұмырыңызды орман шаруашылығын дамытуға арнаған сiздiң өмiр жолыңыз кейiнгiге үлгi. Осы өңiрдiң көк желектi орманының сақталуына көп күш жұмсадыңыз. Мерейлi жасыңыз құтты болсын! Ұзақ та берекелi ғұмыр кешуiңiзге тiлектеспiн!», — деген ақжарма тiлегiн жеткiздi қала басшысы. Мерейтой иесi өзiнiң өткен өмiрiне шолу жасап, ұмытылмас сәттердi еске алды. Еңбек жолын 1966 жылы Сандықтау орман шаруашылығынан бастап, қырық жылға жуық ғұмырын осы салаға арнаған Шабдан Хамитұлы тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары дағдарысқа ұшыраған орман шаруашылығын сақтап қалу жолында көп күш жұмсалғандығын алға тартты. Бүгiнде экологияның күрт бұзылуына ормандардың азаюы тiкелей себеп болып отырғанын, жас ұрпаққа ағаш егу мәдениетiн қазiрден бастап үйретiп, жасыл желектi көзiнiң қарашығындай сақтауға тәрбиелеу қажет екендiгiн айтты бiлгiр маман. Бүгiнде бiр кездерi өзi отырғызған көшеттердiң көктеп, тамыры тереңге тартқанына көңiлi көтерiлетiндiгiн де тебiрене жеткiздi. Сондай-ақ, өзiне көрсетiлген құрметке риза болған ел ағасы қала әкiмiне жүрекжарды алғысын жеткiздi. Мерейтой иесiн, сондай-ақ, қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев, Ақмола облысының табиғи ресурс-тар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкiров те құттықтады.

Мақаланың шыққан күні: 09.02.2018
Қаралым саны: 524
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро