Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 371.31
EUR | KZT 419.32
RUB | KZT 5.59
Көкшетау қ.
-15 °C
2018 ж. желтоқсанның 15
Пікір алмасты

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренованың қатысуымен Дiни бiрлестiктермен байланыс жөнiндегi кеңестiң отырысы өткiзiлдi.

Шараға дiни бiрлестiктердiң, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi қатысты. Оның барысында қалалық iшкi саясат бөлiмiнiң жетекшiсi Андрей Подгурский ақпараттық-түсiндiру тобының атқарған жұмыс қорытындысы туралы есеп бердi. Бұдан соң «Қазақ тiлi мен мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мейрамбек Қиықовтың «Толеранттылықтың қазақстандық моделi», конфессияаралық қаты-настарды дамыту және талдау орталығының директоры Гүлнұр Сатыбалдинаның «Дәстүрлi емес исламдағы әйелдер мен балалар: проблемалар және оны шешу жолдары» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Дiни бiрлестiк өкiлдерi және сарапшылар жастарға рухани-адамгершiлiк бiлiм беруде дiни қауымдастықтар рөлiн, сондай-ақ, халыққа ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының тиiмдiлiгiн жоғарылату бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуетiн пайдалану қажеттiгiн атап өттi. Iс-шара қорытындысы бойынша кеңес мүшелерi көтерiлген мәселелер туралы мемлекет пен дiн арасындағы қарым-қатынастардың жүйесiн жетiлдiру, деструктивтi дiни ағымдардың алдын алу бағытында ұсыныстар жасады.

Мақаланың шыққан күні: 16.04.2018
Қаралым саны: 236
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?