Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Өнеркәсіп өндірісі өрлеп тұр

Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагиннiң төрағалығымен 15 шiлдеде «Достар» мәдениет сарайында «Ақмола облысының өнеркәсiп потенциалы» тақырыбында кеңейтiлген форум-кеңес өттi. Оған облысымыздың өнеркәсiп секторының жетекшiлерi, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердiң өкiлдерi қатысты.

Кеңесте индустриалды сектордың жұмыс қорытындысы, өнеркәсiптiң потенциалды пайдаланылуы, аймақаралық кооперацияны жетiлдiру, жергiлiктi сервистiк кәсiпорындардың мүмкiндiктерi, мемлекеттiк-жекеменшiктiк әрiптестiктi, индустриалды қызметтiң әлеуметтiк аспектiлерiн дамыту кеңiнен сөз болды.

Ақмола облысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында өндiрiстiң жетекшi салалары бойынша айтарлықтай өсiмге қол жеткiздi. Атап айтқанда, алты ай iшiндегi өнеркәсiп саласындағы нақты көлем индексi 106,5 пайызды құрады. Бұл — республикадағы ең жоғары көрсеткiш. Индустриализация картасы аясында 168 миллиард теңгенiң 62 жобасы жүзеге асырылып, 6,3 мың жұмыс орны ашылды. Келешекте тағы да 20 жобаны iске қосу жоспарланып отыр. Өйткенi, астаналық облыстың күш-мүмкiндiгi жылдан-жылға арта түсуде. Республика бойынша подшипник 100 пайызға, алкогольдi және алкогольсiз iшiмдiктердiң 45-25 пайызы, жүк автомобильдерiнiң 40 пайызы, жоғары сапалы бидайдың 30 пайызы, алтынның 30 пайызы, керамикалық әрлендiру кiрпiштерiнiң 30 пайызы, ұнның 25 пайызы, жұмыртқаның 20 пайызы, сүттiң 10 пайызы бiзде өндiрiледi. Пайымды ой, бағалы ұсыныстар айтылған форум-кеңестi «Күн электрстанциясы, теплица құрылыс, балық және қоян шаруашылығы», «Масаль кен қойнауында темiр рудасын өнжiру және қайта өңдеу», «Тiрiдей салмақта жылдық қуаты 60 мың тонна бройлер өсiретiн құс фабрикасының құрылыс», «Целиноград ауданы Фарфоровый селосында жылдық қуаты 3 мың бiрлiк трактор заводының құрылысы», «Техногендiк минералды қоспаларды қайта өңдейтiн жаңа фабрика құрылысы», «2050 аналық бас шошқа кешенi мен ет өңдейтiн комбинаты бар мал шаруашылығы кешенiн құру», «1000 басқа арналған жаңа товарлы-сүт фермасының құрылысы» жобасы туралы 10 меморандумға қол қойылды. Өмiршең бұл жобалардың жалпы құны 1 триллион теңге шамасында.

«Ақмола облысының өнеркәсiп потенциалы» атты тақырыпта өткен форум-кеңестi ашып, жүргiзiп отырған өңiр басшысы Сергей Кулагин халық шаруашылығының жетекшi саласында ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында қолжеткен жетiстiктердi саралап бердi. Оның айтуынша, облысымыздың өнеркәсiп өндiрiсi өнiмдерiн өндiруден республикада жетекшi орынға шығуымыздың басты кепiлi — индустриализациялаудың осызаманғы механизмдерiн тиiмдi пайдалануда. Нәтижесiнде бәсекеге қабiлеттi экономикаға қолжеткiздiк. Мемлекет басшысы айқындап берген институционалдық реформаның негiзгi бағыттары бойынша белсендi жұмыстар жүзеге асырылуда. Iзгi мақсат жолында Ақмола облысында да өнеркәсiптiң басым секторларына стратегиялық инвесторларды көптеп тарту, экспорттық потенциалды өрiстету, жоғары технологиялық жобаларда жүзеге асыру жұмыстары жедел қарқын алған. Ресей Федерациясы, Орта Азия, Қытай, Түркия, Иран және Еуропа елдерiмен сыртқы сауда өркен жаюда. Мәселен, «Астана-Агропродукт» кәсiпорны Мәскеудiң супер-маркеттерiн қазақстандық «Бакара» брендiмен шығаратын ет жартылайфабрикаттарымен 2014 жылдан берi жабдықтап келсе, «Казбаф» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi мраморлы ет өнiмдерiн Санкт-Петербург қаласына, Ленинград, Свердлов, Челябi облыстарына, Краснодар өлкесiне экспортқа шығаруда. Сонымен бiрге «Садовое», «Одари», «Зорькин луг» сүт тағамдары, минералды сулар мен аокогольсiз сусындар, жұмыртқа Ресей, Орталық Азия және таяу Шығыс елдерi тарапынан үлкен сұранысқа ие.

Өнеркәсiп өндiрiсi келешекте онан әрi өркен жаймақ. Алдағы тамыз айында жылына 2 миллион дана өнiм шығаратын «Көкше-Цемент» кәсiпорны iске қосылса, «Астана нан Кемикалз» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi «Казагропром» заводының жылдық қуатын 180 мың тонна қышқыл шығаруға жеткiзген. Ақмола облысы үшiн демалыс және туризм индустриясы экономикасы басым бағыттағы саласы саналады. Бүгiнгi таңда туристiк кластер бойынша 810 кәсiпорын жұмыс iстеуде. Олар өткен жылы 4,3 миллиард теңгенiң қызметiн көрсеттi. Нәтижесiнде мемлекеттiк бюджетке 1,45 миллиард теңге пайда түстi. 2016-2020 жылдары туризм саласында жалпы сомасы 40 миллиард теңгенiң 25 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Форум-кеңестiң күн тәртiбiндегi мәселенi талқылауға «ГМК «Казахалтын» акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы В.Жұманбаев, «Өркен» ЖШС-нiң бас директоры Ботельо Маурилио, «Верный Инвестментс Холдинг» ЖШС-нiң бас директоры Е.Оспанов, «ЕПК-Степногорск» акционерлiк қоғамының бас директоры А.Томилов, «ПО «Көкше-Цемент» ЖШС-нiң бақылаушы кеңесiнiң мүшесi М.Молтұсынов, «Astana Nan» ЖШС-нiң басқарушы директоры Б.Цоктоев, «НУХ «Казагро» акционерлiк қоғамының басқарма төрағасы Н.Малелов, «Агрофирма «Родина» ЖШС-нiң директоры И.Сауэр, «Айтас Груп» холдинг компаниясының топ құрылтайшысы С.Толықпаев, «АПК «Bavaria Product» ЖШС-нiң құрылтайшысы Войгт Хенрик, «Авиценна» емдеу-профилактика кәсiпорнының құрылтайшысы Ю.Гагаркина, Степногор қаласындағы №2 индустриалды-техникалық колледж директоры Е.Крайнева сөз сөйледi. Кеңес жұмысын облыс әкiмi Сергеу Кулагин қорытындылады. Бұдан соң бiрлескен он меморандумға қол қойылды.

Мақаланың шыққан күні: 19.07.2016
Қаралым саны: 612

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?