Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Бюджеттегі өзгерістер

Қала әкiмi аппаратының мәжiлiс залында алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өттi. Оның жұмысына Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев, мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Сессия жұмысын депутат Мұрат Төкеев ашып, жиналғандарды күн тәртiбiмен таныстырды. Алдымен «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №С-7/3 шешiмiне өзгерiстер енгiзу мәселесi қаралды. Бұл туралы экономика және бюджеттiк жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Гүлмира Шұқатова хабарлама жасады. Қалалық мәслихаттың депутаттары Көкшетау қаласының 2017 жылғы бюджетiне енгiзiлген өзгерiстердi бiрауыздан бекiттi.

Сессия барысында денсаулық, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласы мамандарын әлеуметтiк қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшiн тұрақты комиссия құрамы бекiтiлдi.

Көкшетау қаласы мен Красный Яр селосы, Станционный поселкесiндегi көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстарды Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы ономастика комиссиясының қарауына жiберу туралы шешiм қабылданды.

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017
Қаралым саны: 826

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?