Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Пәтер алу жеңілдейді

Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары өңiрлерге жұмыс сапарымен шықты. Олар Елбасының 5 әлеуметтiк бастамасын жүзеге асырудың тетiктерiн түсiндiрiп, жергiлiктi халықпен кездесуде. Көкшетау қаласына келген халық қалаулысы

Сауытбек Абдрахманов медицина қызметкерлерiмен, жоғары оқу орындарының жастарымен жүздесiп, қойылған сұрақтарға жауап бердi.

Мәжiлiс депутаты Көкшетау қалалық ауруханасының қызметкерлерiмен кездестi. Әңгiме барысында Сауытбек Абдрахманов Елбасының 5 әлеуметтiк бастамасы қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бағытталғанын айтты. Әсiресе, тұрғын үй алудың жолдары жеңiлдетiле бастады. Бұған дейiн 14-16 пайызбен берiлiп келген кредит ендi 7 пайызға төмендетiлмек. Осы сәттi пайдаланып, қарапайым халық баспаналы болуға тырысу керек. Тегiн үй алу деген түсiнiктi ұмытқан жөн. Ендi бұл мәселе тек жалға немесе несие арқылы ғана жүзеге асады. Қалалық

ауруханада жұмыс iстейтiн жас мамандар жалақысының аздығын алға тартты. Ол бiрнеше жылға несие алуға жетпейдi. Жергiлiктi әкiмшiлiк тарапынан да қолдау жоқ. Мамандар ауруханаға тексерiс жиi келетiнiн, ал жекеменшiк медицина мекемелерiне ат iздерiн де салмайтынын алға тартты. Бұл дәрiгерлерден бастап, орта буын мамандарын да алаңдатады. Мәжiлiс депутаты бұл сауалдарды назарға алатынын, оны шешу жолдарын қарастыратынын жеткiздi. Сауытбек Абдрахманов бұл күнi Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң оқытушылар құрамы және студенттермен жүздестi. Кездесу барысында 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың гранттың бөлiнгенi тегiн бiлiм алғысы келетiн жастарға көп жеңiлдiк дедi. Сонымен қатар 75000 орындық 150 студенттер жатақханасының құрылысы 2020 жылға дейiн аяқталмақ. Бұл жастардың алаңсыз оқуына ықпал ететiн болады. Мәжiлiс депутаты ертеңгi мамандарды елi үшiн қызмет етуге шақырды.

 

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2018
Қаралым саны: 205
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро