Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
0 °C
2019 ж. қазанның 22
Пән олимпиадасының жеңімпаздары

14 қаңтарда «Достар» мәдениет сарайында мектеп оқушылары арасында өткен жылғы республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Оған оқу орындарының жетекшілері, ұстаздар және пән олимпиадаларының қалалық, облыстық байқауларында үздік көрсеткішке ие болған оқушылар, сондай-ақ, олардың ата-аналары да қатысты.

2016-2017 оқу жылында мектеп оқушылары арасындағы олимпиада 15 пән бойынша өткізілді. Қалалық сайысқа облыс орталығындағы барлық мектептерден 938 үздік оқушы қатысты. Олардың 60-ы бірінші орынды, 124-і екінші орынды, 177-сі үшінші жүлделі орындарға ие болды. Қалалық оқу бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов жеңімпаз атанған үздік оқушыларды І-ІІ дәрежелі дипломдармен, ноутбукпен, планшетпен марапаттады. Сондай-ақ, оларға жазғы каникул кезінде демалу үшін «Звездный» сауықтыру орталығына тегін жолдама берілді. Өз оқушыларын жауапты бұл сынға жақсы да-
йындағаны үшін ұстаздар қауымы да алғыс хатпен марапатталды. Облыстық олимпиадада бірінші орынды алған шәкірттердің ата-аналарына сый-құрмет көрсетілді.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2017
Қаралым саны: 320

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?