Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 340.27
EUR | KZT 396.31
RUB | KZT 5.39
Көкшетау қ.
16 °C
2018 ж. маусымның 25
Электронды және электрлік жабдықтарды экологиялық кәдеге жарату туралы жадынама

Электронды және электрлiк жабдықтар қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығына да керi әсер ететiн кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауiптi заттар және олардың қосылыстары болады. Адам ағзасына түскеннен соң, олар онда ұзақ қалады және ақырындап бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безде жинақталады және онкологиялық аурулардың туындауына себеп болуы мүмкiн.

Сондай-ақ, лазерлi принтерлерде тонерлер орнатылған, олардың химиялық құрамындағы: көмiртек полимерлерiнiң қосылыстары, темiр оксидi, органикалық қосылыстардағы қалайы және органикалық емес қоспалар, зерттеулерде көрсетiлгендей бас ауруын, жөтелдi, температураның көтерiлуiн, сырқаттануды тудырады.

Сонымен қатар, бармақты батареяның бiр данасын «дұрыс емес» кәдеге жарату кезiнде, 20 текше метр топырақ немесе 400 литрден астам ауыз су уланады.

Технодом, Алсер, Рамстор сауда желiлерiнiң басшылығы эко-қораптарды орналастыру арқылы электрлiк жабдықтарды жинау орындарын қамтамасыз етуде және оларды кейiннен мамандандырылған компаниялар арқылы қайта өңдейдi.

Қалдықтар ретiнде: тұрмыстық техника (теледидарлар, магнитофондар, электрлiк ойыншықтар, үтiктер, энергияны үнемдеушi шамдар, батареялар, фендер, тоңазытқышты қосқандағы ас үй құралдары және т.б.), ұйымдастырушылық техника (компьютерлер мен жабдықтары, ұялы телефондар, планшеттер, көшiру аппараттары, сканерлер, тонерлер және т.б.), құрамында сынап бар қалдықтар (люминесценттi шамдар, энергия үнемдеушi шамдар, қызу өлшеуiштер және т.б.) қабылданады.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнiң 301-бабына сәйкес полигондарда көму үшiн келесi қалдықтарды қабылдауға тыйым салынады: сұйық қалдықтар; полигон шарттарында жарылғыш, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қауiптiлiгi жоғары немесе өрт қауiптiлiгi бар болып келетiн қауiптi қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; литийлi, қорғасынды-қышқылды батареялар; электронды және электрлiк жабдықтар.

Пайдаланушыларға жарамсыз болып қалған электронды және электрлiк жабдықтарды сұрыпталмайтын қалалық қалдықтарды жинау орындарына, яғни қоқыс контейнерлерiне тастауға тыйым салынады.

Электрлiк және электронды жабдықтардың құрамында зиянды заттардың болуына байланысты, олардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигiзетiн ықтимал терiс әсерiн азайту мақсатында, осы жабдықтарды өндiретiн қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу үшiн электронды және электрлiк жабдықтардың қалдықтарын жинақтайтын қолжетiмдi бекеттерiн қолдану қажет.

ҚР Энергетика министрлiгi, қазақстандықтарды экологиялық тәрбиелеудi насихаттау мақсатында, тұрғындардың электронды және электрлiк жабдықтарды дұрыс кәдеге жарататындығына және олардың саналылығына сенiм бiлдiредi.

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2018
Қаралым саны: 37
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика