Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Мәселе жауапсыз қалмайды

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Қала басшысы алдымен қалада үш жылдан берi құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үй мәселесiне қатысты жоба бақылаушысы Нариман Хамидуллиндi қабылдады. Белгiлi болғандай, тұрғын үйдiң жобалық-сметалық құжаттамасы әлi сараптамадан өтпеген.

Қала әкiмi жоба бақылаушысына құрылыс жұмыстары, қаржыландыру, үлескерлерге қатысты мәлiметтер дайындауды тапсырды. Қабылдауға келушiлердiң басым бөлiгi тұрғын үй мәселесiн алға тартты. Олардың бiрi өздерiнiң, не балаларының баспанасыз отырғанын айтып, көмек жасауын сұрады. Мысалы, I топ мүгедегi Кендебай Нүрпейiстiң жақындары оның денсаулығына байланысты облыс орталығынан кезектен тыс пәтер алуға және материалдық көмек көрсетудi өтiндi. Тұрғын үй заң бойынша кезекпен берiлетiнiн айтқан әкiм үй тұрғындарының әлеуметтiк жағдайын анықтау үшiн арнайы комиссия жiберiлетiнiн мәлiмдедi. Зейнеткер Қалымтай Мүсiлiмов балаларына баспана алудың жай-жапсарын сұрады. Қала басшысы Тұрғын үй жинақ банкiнде салым жинаудың артықшылықтарын түсiндiрдi. Пәтер кезегiнде 966-шы болып тiркелген Қауғар Қасымова үй кезегiнiң жылжымай жатқандығын қынжыла баяндап, материалдық көмек көрсетудi сұрады. «Қай-қайсыңыздың да жағдайыңызды түсiнемiн. Айтылған өтiнiштер ескерусiз қалмайды. Шешу жолдарын қарастырамыз», — деген қала әкiмi өтiнiш иесiне материалдық көмек көрсетiлетiнiн жеткiздi. Зейнеткер Қалау Ожыбаев бiлiм саласында еңбек еткен жылдары жинақтаған әдiстемелiк құралдарын кiтап етiп бастыруға көмек көрсетудi өтiндi. Әкiм сала басшыларына өтiнiш иесiнiң мәселесiн қарауды тапсырды. Қала тұрғыны Ермек Мейрамқұлов Центральный, 43 үйдi ыстық сумен қамту мәселесiн шешуге көмектесудi сұрады. 2007 жылы мемлекеттiк бағдарлама бо-йынша пайдалануға берiлген үйдiң жертөлесiндегi қондырғылар жұмыс iстемейтiн көрiнедi. Қала әкiмi алдағы күндерi бұл мәселе жан-жақты тексерiлетiнiн айтты. Барлық өтiнiштер бойынша азаматтарға түсiнiктеме және нақтылы жауаптар берiлдi. Әкiм қабылдауда көтерiлген мәселелердiң жiтi бақылауда болатынын атап өттi.

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2018
Қаралым саны: 763

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?