Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Көңілдерге нұр сепкен

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында ардақты аналар мен аяулы арулардың төл мерекесiне арналған салтанатты шара өттi.

Бұл күнi барлық құттықтаулар мен марапаттар тек нәзiк жан иелерiне арналды. Мәдениет сарайының iшiн көмкерген гүлдер мен сахнаны шырайландырған өнерпаздардың концерттiк бағдарламасы барлық арулардың көңiлдерiне нұр септi. Қала әкiмi Ермек Маржықпаев әр салада қажырлы еңбек етiп жүрген әйелдердi құттықтап, көпбалалы аналар Нұргүл Қаржауова мен Татьяна Ивановаға «Алтын алқа» және Әлия Қайырбекова, Динара Әзiмбаева, Ботагөз Ташимоваға «Күмiс алқаларды» табыс еттi. Бұл күнi, сондай-ақ, түрлi салада еңбек етiп, қаланың көркеюiне сүбелi үлесiн қосып жүрген нәзiк жандар шаһар басшысының Алғыс хатына ие болды.

Ардақты аналар мен аяулы арулардың бiр жылда келетiн 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнiнiң алар орны ерекше. Себебi, нәзiк жан иелерi өздерiне ғана көрсетiлетiн құрметке ие болады. Төр де, сахна да солардың еншiсiнде. Ал, ана деген құрметтi атқа лайық жандарға iлтипат ерекше. Мерекелiк көңiл-күй сыйлауға асығатын өнерпаздардың да толқынысы өзгеше. Олар бүгiн өмiрдiң гүлi, отбасының ұйытқысы, балалардың бақыты — аналарға арнап ән салды. «Ана — өмiрдiң шуағы» атты мюзикл ұсынды. Концерттiк бағдарламамен әрленген сахналық қойылым ата мен әже, бала мен немере арасындағы жылы қарым-қатынас, анаға құрмет сияқты жақсы қасиеттерден өрiлдi. «Достар» мәдениет сарайына кiргеннен-ақ аруларға iлтипат көрсетiлдi. Оларды құшақ жая қарсы алған ер-азаматтар киiмдерiн iлгiшке өздерi iлiп, қолтықтарынан демеп, орындарына отырғызып, әдемi гүл шоқтары мен тәттiлер сыйлап жатты. Ал, сахнадан төгiлген әдемi әуен, күмбiрлеген күй, мың бұралған бишiлердiң тартуы көктемнiң шуақты мерекесiн одан сайын нұрландыра түстi. Арулар, аналар бұл күнi өздерiне арналған тiлектерге марқайып, мерейленiп, шырайланып кеттi.

 

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2019
Қаралым саны: 251

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?