Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
9 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
Өрелі істер өрнегі

Көкшетау қаласының экономикалық өсiмi жылдан-жылға жақсарып келедi. Әсiресе, жаңа кәсiпорындардың пайда болуына орай жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылып, күнкөрiс деңгейi артуда. Биыл өндiрiс орындары 48,2 миллиард теңгенiң өнiмiн шығарды. Облыс орталығындағы индустриаландыру картасына жалпы сомасы 20,2 миллиард теңгенiң 17 жобасы енген. Бұл 1257 жұмыс орнының ашылуына ықпал еттi. «Вектор Комбайн заводы» серiктестiгiнiң жобасы 2 миллиард 203 миллион теңгеге жүзеге асып, 96 адам еңбекпен қамтылды. Мұнымен қоса индустриаландыру картасына тағы 3 жобаны қосу жоспарланып отыр. Атап айтқанда: ауылшаруашылығы техникасын сататын және осы салаға қызмет көрсететiн «Eurasia GroupKazakhstan» сервис орталығының, 18 000 шаршы көлемде астық қабылдайтын және майлы дақылдарды өңдейтiн «Agro KZ» кешенiнiң, майлы дақылдар тұқымын шығаратын, қуаттылығы 500 тоннаға межеленген «KoksheMay» серiктестiктерiнiң құрылысы. Индустриаландыру картасына енбеген қосымша 10 жобаны жыл соңына дейiн iске қосу жоспарланып отыр. Красный Яр селосында жел электр станциясы «ВетерИнвест Кокшетау» серiктестiгi арқылы жүзеге асатын болса, элеватор құрылысын «Кокше Престиж Бидай» серiктестiгi жүзеге асырмақ. Сонымен қатар осы елдi мекенде «Жобалық-сметалық компания» серiктестiгi қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын желiнi монтаждап жатыр.

Елбасы атап көрсеткендей, кәсiпкерлiктiң дамуы отандық нарықтық экономиканың негiзi болып саналады және Қазақстанның стратегиялық басымдығына айналады. Соған орай мемлекет тарапынан кәсiпкерлерге кең қолдау жасалуда. Өткен жылмен салыстырғанда Көкшетау қаласында ашылған жекеменшiк кәсiпорындардың саны 2,2 пайызға өстi. Ал, жұмыс iстеп келе жатқандарының саны 14 160 бiрлiктi құрады. Ауылшаруашылығы саласында 663,4 миллион теңгенiң өнiмi өндiрiлдi. Егiстiк көлесi 6554 гектар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға көп. Мал шаруашылығын дамыту да жалғасын тауып келедi. Биылғы жылдың 1-шi шiлдесiмен салыстырғанда, 720 тонна ет, 1450 тонна сүт, 650,0 мың дана жұмыртқа тұтынушыға жеткен. Iшкi нарықта ветеринарлық-санитарлық бақылау күшейтiлдi.

Негiзгi капиталға салынған инвес-тиция жарты жылдықта 14,0 миллиард теңгеге жетiп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 миллиард теңгеге көп болды. Бюджет қаржысын тиiмдi пайдалану басты мақсатымыз болып қала бермек. Биыл қала қазынасын 11 миллиард 357,6 миллион теңге толықтырды. Игерiлмеген қаржы 5,9 миллион теңге. Оны жыл соңына дейiн толық жұмсау қажет. Құрылыс саласындағы жұмыс көлемi 5,3 миллиард теңгенi құрады.

Көкшетаудағы өзектi мәселенiң бiрi болып — тұрғын үй құрылысы қала бередi. Биыл облыс орталығында 91,4 мың шаршы метр баспана салынды. Жыл басынан берi 3 үй немесе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» арқылы 135 пәтер пайдалануға берiлдi. Қосымша 10 көппәтерлi үйдiң құрылысы қолға алынып, қазiр 800 пәтерлiк 22 үй салынып жатыр, оның 12-сi биыл пайдалануға берiледi деп жоспарлануда. Бұл дегенiмiз тағы да 500-ге жуық пәтер өз иесiн табады деген сөз. Оның iшiнде 8 үй әлеуметтiк жағдайы төмен отбастарына сатып алу құқысыз берiледi және 4 үй тұрғын үй құрылыс жинақ банкi салымшыларына үлестiрiледi. Тағы 14 тұрғын үйге қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалу үстiнде. Сарыарқа, Юбилейный, Бiрлiк, Көктем мөлтек аудандарында және Красный Яр трассасы бойында құрылыс желiсi қолға алынды. «Революция күрескерлерiне» арналған мәдениет және демалыс саябағын жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда. Сарыарқа мөлтек ауданында «Рухани жаңғыру сарайының» құрылысын қолға алу үшiн қажеттi құжаттар әзiрленуде.

Балаларды мектепке дейiнгi бiлiммен қамту жұмыстары үнемi назарда. Биыл мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде жекеменшiк балабақшалардың ашылуымен 107 балдырған бөбекжайға бару мүмкiндiгiне ие болды. Аталған жұмыс кезең-кезеңмен жүзеге асыруды қажет етедi. Қазiргi таңда Әуезов пен Темiрбеков көшелерiнiң қиылысында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Юбилейный мөлтек ауданында да бөбекжай салу қолға алынды. Көктем мөлтек ауданында тiлiнде мүкiстiгi бар балаларға арналған және Сарыарқа мөлтек ауданында да мектепке дейiнгi мекемелер салынатын болады. Биылғы жаңа оқу жылында Көкшетау қаласында тұңғыш IT мектеп-лицейi пайдалануға берiлдi. Сондай-ақ, 420 орындық қосалқы ғимарат Сәкен Жүнiсов атындағы №18 мектептiң жанынан ашылды. Биыл №1, №13 және №4 мектептердiң жанынан осындай ғимараттар салуға қажеттi жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Қаланың бiлiм саласын қаржыландыруға бюджеттiң көп бөлiгi жұмсалады. Биыл 2 робототехника, 2 лингафон-мультимедиялық, бiр-бiрден физика, химия және компьютерлiк техника кабинеттерi сатып алынды. 8 мектепте интерактивтi панельдер пайда болды. Осы мақсаттарға 52 миллион теңгеден жоғары қаржы жұмсалды. Жалпы, мектептердiң жаңа модификациямен қамтылуы 100 пайызды құрады. Бiлiм ошақтарына күрделi және ағымдық жөндеу жүргiзуге 300 миллион теңге жұмсалды. Соның арқасында балалар жайлы да жарық бөлмелерде оқуға мүмкiндiк алды.

«Өзiн-өзi өнiмдi қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы» жүзеге асырылып келедi. Биыл оған 486 адам қатысты. Жұмыссыздық деңгейi 0,4 пайыз. Экономиканың нақты секторында 1238 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлеуметтiк маңызы бар тауарлардың бағасын қалыпты деңгейде ұстау басты назарда. Тауарлар мен қызметтердi тұтыну индексi 102,7 пайызды құрады. Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту күн тәртiбiнен түскен емес. 2018-2019 жылғы жылу маусымына дайындық жұмыстары жаз айларында басталды. Соңғы жиырма жыл қолға алынбаған 8-шi қазандықтың электрсүзгiсiн алмастыру жұмыстары жүргiзiлдi. Облыстық бюджеттен бөлiнген қаржыға №2 бу қазандығының 4-шi қазандығын салу мен үш қазандықты жөндеу жұмыстары басталады. Жылу-электр орталығын салу жобасы алға жылжып, ол мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiк шеңберiнде жүзеге асырылады деп болжануда. Облыстық комиссия тарапынан потенциалды инвесторды таңдаудың екiншi кезеңi аяқталып келедi.

Көкшетау қаласын абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Ол тек тазалық айлықтары кезiнде ғана емес, үнемi жүргiзiледi. Көшелердi тазалау, жолдарды жуу, тротуарларды тазарту, бұрылыстарды сырлап, әктеу шаралары назарда. Қаладағы тәртiптi сақтау жұмыстарының бәрi жергiлiктi полиция қызметi арқылы жүзеге асады. Биыл абаттандыру шараларына зиянын тигiзген 1380 адамға әкiмшiлiк шара қолданылды. Қоғамдық орындарға қоқыс төккен 744 адам жауапқа тартылып, оның 30-ы әкiмшiлiк қамауға алынып, 714 тұлға жалпы алғанда 3,4 миллион теңге төлеуге мәжбүр болды. Көпқабатты үйлердiң сыртын әктеу, әрлеу жұмыстары жалғасын табуда. Осы ретте «Достық», «Ақбас», «Дон» пәтер иелерi кооперативтерiнiң жұмысына ерекше тоқталуға болады. Олар сырттан көмек күтпей, өз күштерiмен аулаларына ағаш, гүл егiп, шағын сәулет формаларын орналастырған. Қаланың келбетiн көркейтуге баса мән берiлуде. Биыл Досмағамбетов аллеясы пайда болып, Станционный поселкесiнде сквер жаңартылады. Қалалық саябақта және «Жастар» аллеясында интернет желiсi iске қосылады. Қопаның жағалауын қалыпқа келтiру де басты назарда. Бүгiнде құм төселiп, беседкалар орнатылып, биодәретханалар қойылып, жазғы кафе салынды. Ендi қысқы кафе құрылысы қолға алынады. Депутаттар тарапынан түскен сауалдардың 70 пайызы аулаларды жөндеу мен балалардың ойын және спорт алаңдарын абаттандыруға қатысты болды. Соңғы жылдары Бурабай, Васильковка, Центральный мөлтек аудандары мен Мир-Әуезов-Абай-Набережная көшелерiнiң шектерiндегi аулалар жөнделдi. 44 аулаға күрделi жөндеу жасалды. Биыл облыстық бюджеттен бөлiнген 564 миллион

теңгенiң трансферттiк есебiнен Абай, Тәшенов, Әуезов, Пушкин көшелерiнiң шаршысында және Юбилейный мөлтек ауданында аулаларды жаңғырту жұмыстары жасалды. 27 аулаға қалалық бюджеттен бөлiнген қаржыға жөндеу жүргiзiлмек. 23 ойын алаңы жөнге келтiрiлiп, 13 жерге шағын сәулет формалары орнатылды. 10 спорт алаңын тұрғызу жоспарда бар. Көше жолдарын жақсартуға биыл 1,5 миллиард теңге бөлiндi. Мир, Вавилов, Наурызбай батыр көшелерiнiң жөндеу жұмыстары екi жылға жоспарланған. Ғабдуллин көшесiн қалыпқа келтiру жалғасуда. Ағымдық жөндеуге 400 миллион теңге қарастырылған. Горький мен Әуезов көшесiнiң қиылысында қосалқы бұрылу жолының салынуы көлiк кептелiсiн реттеуге ықпал етпек. Бейбiтшiлiк мөлтек ауданының көшесiн жөндеудiң жобалық-сметалық құжаттамасына конкурс жарияланды. Әуелбеков көшесiнiң жарық шамдары ауыстырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарды отансүйгiштiкке, туған қаласын сүюге, оған жанашырлық танытуға шақыру жұмыстары жалғасын табуда. Осы бағдарлама шеңберiнде бiздiң қалада 397,8 миллион теңгенiң 8 жобасы iске асты. Биыл 3 спорт алаңы қалыпқа келтiрiлiп, №3 мектеп-гимназиясында компьютерлiк сынып ашылады және 15 автобус аялдамасы жаңартылады. Елбасының тапсырмасына орай «Смарт сити» концепциясы жүзеге асырылуда. Соның арқасында жолаушы тасымалына сандық технологиялар енгiзiлуде. «Инфобус» мобильдiк қосымшасы жұмыс iстеп тұр. Жыл соңына дейiн қоғамдық көлiктерде электронды билеттендiру енгiзiлмек. «Көкшетау автобус паркi» 50 жаңа көлiк сатып алмақ. Коммуналдық қызметке төлемдi оңтайландыру үшiн бiрыңғай төлем құжатын енгiзу қолға алынуда. Қала күнi қарсаңында облыс орталығында заманауи электонды кiтапхана мен балалардың технопаркi пайда болды. Онда балалар әуе, кеме модельдеуi, 3D дизайны мен робототехника тiлiн меңгередi. Аялдамаларда коды бар ақпараттық стендтер пайда болды. Арнайы штрих код арқылы қалалық кiтапханалар мен кiтап қоры жайлы толық мағлұмат алуға болады. Қалалық мәдениет бөлiмi өзiнiң жұмысын жоғары деңгейде жүзеге асырып келедi. Спорт саласындағы жетiстiктер де қуантып отыр. Осының бәрi әр саладағы табыстардың еселене түсуiне ықпал етедi. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2018
Қаралым саны: 38
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика