Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Өндірістегі өрелі істерге, жаңашылдыққа назар аударды

Көкшетауға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары Жанат Омарбекова, Сапархан Омаров, Майра Айсина, Мұрат Темiржанов, Сергей Звольский, Михаил Чирков және Юрий Тимощенко өндiрiс орындарының материалдық- техникалық жағдайларымен жете танысып, еңбек ұжымдарымен кездестi.

Халық қалаулылары Көкшетау автобус паркiнiң жұмысымен танысты. Кәсiпорын қаладағы жолау-шылар тасымалын жақсарту жөнiнде ауқымды жұмыстар атқарып келедi. Осы жылдар iшiнде қаланың дамуын ескере отырып, көптеген маршруттар өзгертiлiп, автобустар саны көбейтiлдi. Көкшетау автобус паркiнiң директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Шәрiмованың айтуынша, бүгiнде автобустардың 70 пайызы жаңартылған. Жүргiзушiлер мен кондукторлар үшiн униформа енгiзiлген. Ережеге сәйкес, парктегi автобустар күн сайын жуылып, тазаланады. Ал, тәртiп бойынша лас көлiктер желiге жұмыс iстеуге жiберiлмейдi. Күнде таңертең диспетчер жүргiзушiлерге жол қағазын бередi, ал фельдшер ауысым алдында медициналық тексеру жүргiзедi. Содан кейiн жүргiзушiлер тұраққа барып, өз автобустарына отырады. Жолға шықпас бұрын машиналарды кезекшi механик қарап шығады.Осындағы еңбек ұжымымен кездесу барысында депутаттар мемлекеттiң ұстанған айқын бағыты мен өркендеуiне ықпал ететiн жайттарды, Парламентте атқарылған жұмыстар туралы әңгiмеледi.

Депутат Майра Айсина «Нұрлы жол» бағ-дарламасының жүзеге асуына, қабылданып жатқан заңдарға, атап айтқанда алқа болып шешiм қабылдауға, жоспарлау және орындалуын қадағалауға, экономикалық мәселелердi шешуге, ауданды басқаруға қатысуға мүмкiндiктер беретiн қоғамдық кеңестер туралы заңға кеңiнен тоқталып өттi. Халық қалаулылары елдегi саяси-экономикалық ахуалмен таныстырып, кәсiпорын еңбеккерлерiнiң ой-пiкiрлерiне құлақ салды. Қатысушылар жанар-жағармай, автобөлшектер бағасының қымбаттауы, кадр тапшылығы төңiрегiнде мәселелер көтердi. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары бұл мәселелердi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып қарауға, осы бағыттағы заңдарды жетiлдiру қажет болса, халықтың ұсыныс-пiкiрлерiне сәйкес қайта қарастыруға дайын екендiктерiн мәлiмдедi. Халық қалаулылары сондай-ақ, Көкшетаудағы жүк көлiктерiн шығаратын «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлiк қоғамында болды. Зауыт ұжымындағы еңбек озаттары Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң Алғыс хатымен марапатталды. Елiмiздегi машина жасау өнеркәсiбi саласында өзiнiң лайықты орнын алып үлгерген зауыт осы санаулы уақыттың iшiнде отандық машина жасау саласын дамытуға қомақты үлесiн қосып келе жатқан кәсiпорын.

Қазiргi кезде зауытта заман талабына сай «КамАЗ» жүк көлiктерi мен арнайы техниканың 40-тан астам түрi құрастырылады. Кәсiпорын құрылғаннан берi барлығы 11 мыңнан астам көлiк конвейерден шықты. Бұл көлiктерге бүгiнде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi тарапынан сұраныс күрт азайып кеткенiне қарамастан, Төтенше жағдайлар комитетi, жол құрылысы және ауыл шаруашылығы саласында ойдағыдай қолданылуда. Кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты жылына 2 мыңға жуық автокөлiк шығаруға еркiн жетсе, өткен жылы 800-ден астам жүк көлiгi құрастырылды. Биыл бұл көрсеткiштi 1400-ге жеткiзу көзделген. Ұжымда 200-ден астам адам еңбек етедi. Мәжiлiс депутаттары зауыттың құрастыру цехын аралап көрiп, шығарылып жатқан техника түрлерiмен танысты. «Соңғы кезде кәсiпорын басшылығы өнiм өндiруде отандық үлестiң мол болуына ерекше назар аударып келедi. Оны елiмiздiң жолдарында жүйткiп жүрген «Қазақстанда жасалған» деген эксклюзивтi арнайы техникалардан байқауға бола-ды. Дегенмен, әлi де отандық үлестi арттыру және дайын өнiмдi сату шекарасын кеңейту бағытында ауқымды жұмыс iстеу керек. Бiз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз», — дедi Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Мұрат Темiржанов.

Мақаланың шыққан күні: 13.07.2017
Қаралым саны: 537

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?