Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 370.11
EUR | KZT 419.37
RUB | KZT 5.58
Көкшетау қ.
-14 °C
2018 ж. желтоқсанның 13
Әзірлік шарасы пысықталды

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Алтынай Әмiренова Қарттар айлығында өткiзiлетiн шараларға дайындық барысы жөнiнде сала басшыларымен жиын өткiздi.

Қарттар айлығы — қазiргi қоғамдағы аға буынның көптеген мәселелерiне, олардың кейбiреулерiне материалдық және моральдық қолдау көрсетуге назар аудартуға септiгiн тигiзетiнiн атап өттi А.Әмiренова: — Қазан айы мейiрiмдiлiкке толы кезең болып табылады. Барша жұрт қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi жандарға қолдан келер көмегiн аямайды. «Мейiрiмдiлiк» айлығы жарияланып, қарттарға құрмет артып, әлеуметтiк көмек көрсетiлiп жатады. Қаламызда айлықты атап өтудiң ерекше дәстүрi қалыптасқан. Жыл өткен сайын осы мерекеге арналған iс-шаралар ауқымы кеңейiп, көбейе түсуде. Қарт адамдарға жергiлiктi кәсiпкерлер және басқа да азаматтар өз сый-сияпаттарын тапсырады. Зейнеткерлермен дөңгелек үстелдер өткiзiп, мерекелiк ас және тағы басқа акциялар ұйымдастырылады.

Қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң жетекшiсi Айгүл Сәбитованың айтуынша, үлкенге iзет көрсету мақсатындағы iс-шаралар бiрнеше күнге созылады. «Қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi жандарға әлеуметтiк көмек көрсету айлығы бiздiң қалада ауқымды мәдени шаралармен бастау алмақ. 60+ жобасы, бата беру конкурсы, түрлi концерттiк бағдарламалар жұртшылық көңiлiнен шығады деген ойдамыз», — дейдi ол. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жетекшiсi Қали Ахметовтың мәлiмдеуiнше, жұмыспен қамту бөлiмiнiң әлеуметтiк қызметкерлерi 473 зейнеткер мен 119 мүгедек балаға үйде қызмет көрсетедi. 1768 адам гигиеналық құралдармен, 88 адам есту аппараттарымен, 108 адам кресло-арбамен қамтылған. Жергiлiктi бюджет арқылы 583 қария шипажайға жiберiлдi. 70 адам «инватакси» қызметiн пайдалануда. 7403 адам 163,1 миллион теңгенiң көмекақысын алды. Айлық шеңберiнде зейнетақысы аз, мүмкiндiгi шектеулi мүгедектерге қаржылай көмек көрсетiлдi.

Айлықты өткiзу жұмыстарында кемшiлiктер мен олқылықтар аз емес. Бiрiншiден, бұл күнi қала ардагерлерiнiң барлығына бiрдей толық назар аударылмайды, олардың көбi ескерусiз қалуда. Әрине, бұл жайт ардагерлер тарапынан ренiш туғызады. Елiмiзде қарттар күнiн өткiзу тәжiрибесi барлық қарттарға бiр күнде, яғни 1 қазан күнi ғана көңiл бөлу мүмкiн еместiгiн көрсетуде. Сондықтан, Қазақстанның барлық аймақтарында бiрнеше жыл бойы ардагерлер кеңестерiнiң бастамасымен және әкiмдiктердiң келiсiмiмен қарттардың айлықтары өткiзiлiп тұрады. Қарттарға әлеуметтiк жәрдем көрсету айлығы өтетiнi туралы мәлiмдеме жасалды. Қалалық ардагерлер кеңесi алдын ала қарттар күнiне арналған негiзгi iс-шараларды белгiлеу және өткiзу жөнiндегi жоспарды дайындап, бекiттi және оның орындалуы бақылауға алынды. Осылайша айлық аясында барлық ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелерде зейнеткерлердi тегiс қамтып, құрмет көрсету жоспарланған. «Әр сала ардагерлерiн жинап, қала көлемiнде түрлi iс-шаралар өткiзiледi. Бұл тек мекемелерде ғана аталып өтпей, әр отбасында тойлану керек. Әр азамат өз шаңырағындағы қарттарды сыйлап, құрмет көрсетулерi тиiс», — дейдi қалалық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Шияп Әлиев.

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2018
Қаралым саны: 139
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?