Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 386.82
EUR | KZT 428.67
RUB | KZT 5.86
Көкшетау қ.
19 °C
2019 ж. тамыздың 19
Маңызды шешімдер қабылданды

Қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Көкшетау қалалық мәслихатының он тоғызыншы кезектi сессиясы өттi. Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса жүргiзiп отырды.

Күн тәртiбiндегi алғашқы мәселе — «Көкшетау қалалық бiлiм бөлiмi ұсынатын мемлекеттiк қызмет сапасы туралы» бiлiм бөлiмiнiң жетекшiсi Бейбiт Жүсiповтiң есебi тыңдалды. Оның мәлiмдеуiнше, былтыр 14462 мемлекеттiк қызмет көрсетiлген. Электронды үкiмет порталы арқылы — 2004 қызмет ұсынылған. Оның сапасына ай са-йын жоспарлы тексеру жүргiзiледi. «Электронды мектеп», «электронды балабақша» жобасы бiртiндеп жүзеге асырылатын болады. Бұдан соң қалалық экономика және бюд-

жеттiк жоспарлау бөлiмiнiң жетек-шiсi Гүлмира Шұқатова «Ауылдық елдi мекендерде жұмысқа тұратын денсаулық, бiлiм беру, әлеуметтiк қамту, мәдениет, спорт, агроөнер-кәсiп кешенi саласы мамандары-на көтермеақы және 2018 жылға тұрғын үй алуға қолдау ұсыну туралы» Көкшетау қалалық мәслиха-тының 14 желтоқсандағы №С-17/3 шешiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер туралы есеп бердi. Сессияда көтерiлген басқа да мәселелердi қалалық мәслихат депутаттары бiр-ауыздан қолдады. Сессия барысында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалуына байланысты Тимур Ысқақовтың №6 сайлау округi бойынша депутаттық өкiлеттiгiн тоқтату бойынша шешiм шығарыл-ды. Қала әкiмi Тимур Маратұлын жаңа қызметiмен құттықтап, табыс тiледi. Өз кезегiнде Т.Ысқақов қай iсте болсын жан-жақты қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа ризашылығын жеткiздi. Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиiстi шешiмдер қабылданды. Кезектi сессияның төрайымы болып халық қалаулысы Зәуреш Нұрымова сайланды.

Мақаланың шыққан күні: 30.03.2018
Қаралым саны: 463

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?