Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.59
EUR | KZT 429.06
RUB | KZT 6.05
Көкшетау қ.
7 °C
2019 ж. қазанның 15
Жас отбасыларын құжаттар қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

«Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-сi Ақмола облысының әкiмдiгi мен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ы арасындағы ынтымақтастық туралы жасалған келiсiмге сәйкес 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 1 шаршы метрге 100000 теңге бағасы бойынша «Васильков» шағын ауданының солтүстiгiнде орналасқан жас отбасыларына тұрғын үй бағыты бойынша «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ы желiсi бойынша 30 пәтерлi үш тұрғын үйлердi сатып алу құқығымен жалға жүзеге асыру және құрылыс бойынша iсшаралар өткiзiлетiнi жөнiнде хабарлайды:

• 30 бiр бөлмелi пәтерлер аумағы (шамамен) 44,36ш.м. ;

• 30 екi бөлмелi пәтерлер аумағы (шамамен) 62,12ш.м.;

• 30 үш бөлмелi пәтерлер аумағы (шамамен) 86,34шш.м..

Бағдарлама қатысушыларын iрiктеу кезiнде ұсынылатын негiзгi талаптар:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығы немесе оралман мәртебесi.

2) бағдарламаға қатысуға өтiнiш берген сәтте қос жұбайлардың екеуiнiң де жасы 29 жасқа жетпеген немесе 29 жасқа жетпеген ата-аналардың бiрi балаларын (баланы) оның iшiнде ажырасқан, жесiр тәрбиелеп жатқан толық емес отбасы;

3) өтiнiш беру сәтiнде кемiнде 2 жыл тiркелген неке кезеңi;

4) отбасы мүшелерi немесе мүшесi Көкшетау қаласы бойынша тiркеуге ие болуы тиiс;

5) Қазақстан Республикасы аумағында бағдарлама қатысушысының және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнде (жұбайы, кәмелет жасына толмаған балалар), сонымен қатар өтiнiште көрсетiлген және отбасы құрамына қосылған басқа да отбасы мүшелерiнiң меншiк құқығында немесе сатып алынған жалдамалы тұрғын үй құқығында (ортақ меншiкте, үлестiк меншiкте үлес, осы тармақта тұрғын үй бiрлiгi ретiнде көрсетiлген ортақ меншiктi құрайтын отбасы мүшелерiнiң меншiгiнде (үлесi) немесе болмауын қоспағанда:

әрбiр отбасы мүшесiне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем емес жатақхана бөлмелерiнiң болуы;

аталған тұрғын үйдiң орналасу орны бойынша ЖАО тиiстi анықтамасымен расталатын құлау қаупi бар апаттық жағдайдағы саман немесе қамысты түрдегi тұрғын үйлер;

6) Бағдарлама қатысушысы дәне онымен тұрақты бiрге тұратын отбасы мүшелерiмен, (жұбайы, кәмелет жасына толмаған балалар) сонымен қатар өтiнiште көрсетiлген және отбасы құрамы мүшелерiне қосылған адамдардың, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша соңғы 5 жыл iшiнде оған тиесiлi меншiк құқығында тұрғын үйдi адалау немесе жайды айырбастау жолымен тұрғын үй жағдайын әдейi нашарлату фактiлерiнiң болмауы;

7) Бағдарламаның 3 бөлiмшесiнiң 2 тармағында көрсетiлген тұрғын үйдi жүзеге шарттары тиiстi кiрiстермен мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн растау.

2016 жылдың 17 мамырынан 2016 жылдың 1 шiлдесi қосып алғанда ҚР-ның азаматтары немесе жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетiн оралмандар белгiлi бiр пәтер түрлерiне өтiнiш пен келесi құжаттарды бередi:

1) өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жеке тұлғасын куәландыратын құжат;

2) неке қию туралы (некенi бұзу туралы) куәлiк, жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәлiк, өтiнiш берушiнiң некеде тұрмайтыны жөнiнде өтiнiш;

3) Қазақстан Республкасы аумағында меншiк құқығында немесе сатып алынған жалдамалы тұрғын үй құқығында өтiнiш берушiнiң және онымен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнде бар-жоқтығы немесе болмауы туралы анықтама;

4) тиiстi елдiмекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жерi бойынша өтiнiш берушiнiң және оның тұрақты бiрге тұратын отбасы мүшелерiн тiркеу туралы мекенжай анықтамасы;

5) өтiнiш берушiнiң және жұбайының жұмыс орнынан анықтама;

6) Отбасы мүшесiнiң бiрқатар созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыруы немесе мүгедектiгiнiң болуын растайтын анықтама (болған жағдайда);

7) Тұрғын үйдiң техникалық жағдайы туралы қорытынды (болған жағдайда);

8) Өтiнiш берушiмен кiрiс алатынын растайтын анықтама;

9) ата-аналарын кәмелет жасына толғанға дейiн жоғалтқан, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетiм балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар санатына жұбайлардың тиiстiлiгiн растайтын анықтама (болған жағдайда).

Өтiнiштер мен құжаттарды қабылдау:

www.egov.kz «Электронды үкiмет веб-порталы

«қызмет көрсету бұрышына» жүгiнiп, ХҚКО-ы қызметкерлерiнiң көмегiне жүгiнуге болады

Ақпараттандыру мақсатында: бағдарлама қатысушыларын iрiктер жүзеге асырылатын пәтерлер санына және пәтерлер түрiне сәйкес келесi тәртiпте жүргiзiлетiнiн хабарлаймыз:

1) үмiткерлерден өтiнiштер мен құжаттарды қабылдау, бағдарлама талаптарына сәйкестiгiне өтiнiш берушiлердi тексеру және баллдық жүйенi ескере отырып үмiткерлердiң алдын ала тiзiмiн қалыптастыру (ең үлкен балл саны бойынша):

бiрiншi балаға– 20 балл, әрбiр екiншi және одан кейiнгi балалар үшiн — 30 балл;

Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген тiзiмге сәйкес созылмалы аурулардың бiрқатар ауыр түрлерiмен зардап шегетiн немесе мүгедек болып табылатын отбасы мүшелерiнiң әрқайсысы үшiн — 10 балл;

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттiк және салалық бағдарламалары шеңберiнде бұрынғы iрiктеулер кезiнде тiзiмге қосылмаған үмiткерлерге — қосымша 5 балл;

Кәмелет жасына дейiн ата-аналарын жоғалтқан жиырма тоғыз жасқа жетпеген жетiм балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар санатына жататын жұбайлардың әрқайсысы үшiн — 10 балл.

Пулға қосу кезегi алған баллдар санымен анықталады. Өтiнiш берушiлер баллдары тең болған жағдайда жұбайлардың бiрi мемлекеттiк қызметшiлер немесе бюджеттiк ұйым және бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерiне жатса басымдыққа ие болады. Тiзiмге қосу туралы шешiм басым дауыспен ЖАО тұрғын үй комиссиясымен қабылданады;

2) төлем қабiлеттiлiгiн бағалауға бағыт алу үшiн үмiткерлердiң алдын ала тiзiмiне қосылған өтiнiш берушiлердiң болуы көрсетiлген хабарландыру мен тiзiмдi орналастыру.

Өтiнiш берушiлермен тиiстi кiрiстер расталмаған жағдайда бағдарламаның аталған бағытының алдын ала тiзiмiнiң одан әрi өтiнiш берушiлерiн iрiктеу жүргiзiледi;

3) өтiнiш берушi мен жұбайының жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, бағдарлама қатысушыларының соңғы тiзiмiне тұрғын үй комиссиясының шешiмiмен бекiту;

4) 6 бөлiмшенiң 3 тармағына сәйкес бағдарлама қатысушыларымен жалдау келiсiмшарттарын жасау және ҚТҚЖБ-на бекiтiлген тiзiмiн жолдау, бағдарламаның iрiктелген қатысушыларын хабарландыру.

Мақаланың шыққан күні: 13.05.2016
Қаралым саны: 598

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?