Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 389.86
EUR | KZT 435.32
RUB | KZT 6.12
Көкшетау қ.
-1 °C
2019 ж. қазанның 22
Тұрғындарды қабылдады

Көкшетау қаласының әкiмi Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдады. Қабылдауға келген әр тұрғынның әртүрлi себеп-уәжi болды, қала басшысына өз мәселелерiн айтып, барынша көмектесудi сұрады.

Зельма Пятигорная есiмдi зейнеткер екi немересiмен бiрге тұрып жатқан жер үйiнiң құлағалы тұрғанын айтып, әкiмнен көмек сұрады. Айтуынша, 2016 жылдан берi жер телiмдерiн алу үшiн кезекке 11389-шы болып тiркелген. Биыл әкiмдiк тарапынан бiр реттiк 72150 теңге материалдық көмек көрсетiлген. Әкiм қала бойынша 300 отбасы материалдық көмек алғанын, орын алған жағдайды арнайы комиссия тексеретiнiн жеткiздi.

Қабылдауға жазылған «Фомин» жеке кәсiпкерлiгiнiң сатушысы Игорь Малахов мемлекеттiк қызмет жұмысындағы келеңсiздiктердi алға тартты. Өз сөзiнде жұбайына марқұм ата-анасы мұраға қалдырған жер телiмiн заңдастырып, мемлекеттiк акт алу барысында кабинеттен-кабинетке жүгiрiп, сандалғанын, сондай-ақ, ағаш шеберi, электрик мамандықтары бойынша дипломы барына қарамастан жалақысы жоғары жұмыс таба алмай жүргенiн қынжыла баяндады. Әкiм қарамағындағы жауапты мамандардың жұмысы қадағалауда болатынын айтты. Алайда, өтiнiш иесiнiң қалада жалақысы жоғары жұмыс жоқ деген пiкiрiмен келiспейтiнiн, облыс орталығындағы «Камаз-Инжиниринг», «КАИК» сияқты iрi кәсiпорындарда жұмысшы мамандардың бiлiктiлiгiне қарай жоғары мөлшерде жалақы алып отырғанын мысалға келтiрiп, аталған кәсiпорындардың бiрiне жұмысқа орналастыруға уәде бердi. Барлық өтiнiштер бойынша азаматтарға түсiнiктеме және нақтылы жауаптар берiлдi. Тиiстi бөлiм басшылары да туындаған сауалдардың шешiмiн табуы назарға алынатынына уәде бердi.

«Көкше-ақпарат».

Мақаланың шыққан күні: 12.12.2018
Қаралым саны: 243

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіз қандай санатқа жатасыз?