Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 369.01
EUR | KZT 416.39
RUB | KZT 5.53
Көкшетау қ.
-9 °C
2018 ж. қарашаның 16
Б» корпусының бос төменгі болып табылмайтын әкімшілік мемлекеттік және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсы

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2) 29-78-19, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс iстеу бойынша секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Кресло — арба беру бойынша мәлiметтердiң протезделетiндердiң компьютерлiк базасын жүргiзу және жаңарту, протездеуге алғашқы құжаттарды даярлау; дайындалатын протездердiң сапасына және алу мерзiмiн бақылау және жолдамалар беру; протездердiң барлық түрлерiне қажеттiлiгi және алуы бойынша ақпарат алу және жинақтау, қажеттi есептер жасау; есту протездерiн беру бойынша деректер базасын жүргiзу, қажеттi есептер жасау, хаттар мен шағымдарға жауаптарды дайындау; Е-собес базасын жүргiзу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызметтер немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс пен қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Талап етiлген мамандық жөнiнде кадр жинақтауды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады; заңнамаларға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi және мекеме бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды уақытылы ресiмдеудi ұйымдастырады; мемлекеттiк қызметшiлердiң және мекеме бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң жеке iстерiн қалыптастырады және жүргiзедi, қызметтерiне байланысты оларға өзгерiстер енгiзедi; аттестациялық конкурстық комиссия үшiн қажеттi материалдар дайындайды; кадрмен белгiленген құжаттарды жүргiзедi; кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы деректер базасын жүргiзудi, олардың дамуы мен қозғалысын жүзеге асырады, кадр мәселелерi жөнiндегi есептер мен ақпараттарды құрады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамысыздандыру саласында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Красный яр селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Кәсiпкерлiктi дамытуға, пайлық жер иелерiне жердi тиiмдi пайдалануға жәрдемдесу. Жер қорларына есеп жүргiзу, жер қатынастары бөлiмiмен және ауылшаруашылық және ветеринария бөлiмiмен өзара әрекеттесу. Ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау жөнiндегi мәлiметтер базасын және жұмысын, шаруашылық есептiң жүргiзiлуiн ұйымдастыру. Ауылшаруашылық және ветеринарлық-профилактикалық iс-шараларды өткiзумен байланысты кешендi жұмыстарды жүзеге асыру. Адам мен жануарларға ортақ аурулардан тұрғындардың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру. Ауылшаруашылық және ветеринарлық iс — шаралар жоспарын әзiрлеу, олардың округте өткiзiлуiн ұйымдастыру. Профилактикасы мен диагностикасы бюджеттiк қаражаттан iске асырылатын ауру жануарлардың эпизоотикалық тiзiмiн әзiрлеу және өкiлеттi органға ұсыну. Ауыл шаруашылығы жануарларының мәйiттерi және малдардың соғым өнiмдерi үшiн арнайы қойманы (мал зираттар) және сою алаңдарын құруды ұйымдастыру, олардың жұмыс iстеуiн бақылау, мал жаю ережелерiн сақтау, шекараларды белгiлеу, үй жануарларын ұстау ережелерiн әзiрлеу, жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау;

пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiнде ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы шешiмдер қабылдау;

Тұрғындар арасында ауылшаруашылық және ветеринария мәселесi жөнiнде ағартушылық жұмыстарды жүргiзу және ұйымдастыру. Жергiлiктi атқарушы органының басшылығымен нақтылаған басқа да тапсырмаларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

4. «Красный яр селолық округi әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту кезеңiне), E-G-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 69956 теңгеден 94108 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мұрағат iсiн жүргiзу және сақтау, АХАЖ органдарында азаматтардың тууы мен қайтыс болуының уақытылы тiркелуiн бақылау; кадр жұмысы, қызметкерлердiң демалыс кестесiн құру, олардың орындалуын бақылау, жұмысқа шығу табелiн жасау; жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдарымен ақпараттық байланысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингi және бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету, округ сайлаушыларының тiзiмiн құру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 07.12.2016
Қаралым саны: 401
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?