Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 369.01
EUR | KZT 416.39
RUB | KZT 5.53
Көкшетау қ.
-9 °C
2018 ж. қарашаның 16
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсы

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru.) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ әкiмшiлiк-аумақтық дамыту бөлiмiнiң жетекшi маманы, E-5 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 69123 теңгеден 93275 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бейбiт және соғыс кезеңiне АҚ жоспарларын әзiрлеу; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткiзуге күштер мен құралдар құрылуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; құтқару жұмыстарын орындауға басқарма органдары мен құралдарының тұрақты дайындығын iс-шаралармен қамтамасыз ету; апаттардың туындау қауiпсiздiгiн төмендету шараларын бақылау және жүзеге асыру; табиғи және техногендi сипаттағы ТЖ саласындағы бiлiмдерiн насихаттауды ұйымдастыру; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде қалалық ведомствоаралық комиссия отырысын ұйымдастыру

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары немесе орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ бас маманы E-R-4 санаты, 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызды iс-шараларды (есте тұту және мерейтой күндерi, мерекелер, қалалық фестивальдар, байқаулар, көркемөнерпаздар байқауы, жәрмеңкелер, көрмелер, семинарлар және тағы басқа бұқаралық iс-шаралар) дайындау мен өткiзу жұмыстарын ұйымдастыру. Бұқаралық-мәдени iс-шараларды өткiзуде сценарийлер және сценарийлiк жоспарларды дайындауда әдiстемелiк көмек көрсету. Демалысты ұйымдастыру және халыққа мәдени қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарды орындау. Болашақ және ағымдағы жоспарларды әзiрлеуге қатысу. Қоғамдық және мемлекеттiк ұйымдармен бiрлесе халықтың мәдени-тарихи, демографиялық және ұлттық ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн есепке ала отырып, саланың дамуына аумақтық мәдени бағдарламаларды дайындау және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мәдени-ағартушылық мекемелердiң жұмысы туралы статистикалық және есептiк мәлiметтердi талдау, сәйкес ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау. Қалалық мәдени мекемелердiң: мәдениет сарайлары мен үйлердiң, кiтапханалардың, клубтардың, кинотеатрлар, театрлардың және мұражайлардың қызметiн үйлестiру. Кадр жұмыстарын ұйымдастыру. Келiп түсетiн корреспонденцияларды дер кезiнде қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi өнер немесе қызмет немесе бiлiм немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтiк ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ бюджеттiң орындалуын талдау және қаржыландыру секторының бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күту кезеңiне), E-R-4 санаты, 1 бiрлiк,

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қалалық бөлiмдермен, бөлiм секторларымен өзара әрекеттесу. Құзыретiнiң шеңiндегi түсiмдер жиынтық жоспарын қалыптастыру және төлемдермен қаржыландыру, мiндеттемелермен қаржыландыру жиынтық жоспары, қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгертулер енгiзу, қалалық мәслихат сессиясының шешiмiн өндiру бойынша әкiмшiлiк бюджеттiк бағдарлама қаржыландыру жоспары, әкiмдiк қаулылары, ББӘ өтiнiмдерi. Қалалық бюджет төлемдерi мен салықтар түсiмдерiнiң күн сайынғы есебi. Қалалық бюджетiнiң шығыс бөлiгiнде күн сайынғы орындау мониторингiсi. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлiнген несиелер, дамуға нысаналы трансферттер және нысаналы ағымдағы трансферттердi өндiру мониторинг нәтижелерi туралы есептi қалыптастыру. Жергiлiктi атқарушы органының резервiн қолдануына мониторинг. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлiнген трансферттер түсiмдерiнiң күн сайынғы есебi. Табыстар жөнiнде түсiм болжамының жылдық сомаларын бекiту туралы бұйрықты әзiрлеу, қарыздар және мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан бюджеттiк несиелердi өтеу, бұйрыққа өзгертулер енгiзу. Қалалық бюджеттi орындау туралы аналитикалық есептi құрастыру. Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзу мәселелерiнiң мониторингi. ББӘ өткiзiлген мемлекеттiк сатып алулардың есептiлiгiн құрастыру. Құзыретiнiң шеңiндегi қаржылық жылға тиiстi бюджеттiк даму бағдарламаларымен, бюджеттiк қаражаттармен басқарудың тиiмдiлiк баға есептiлiгiн дайындау. Түсiмдермен бюджеттi орындау туралы есептiлiктi дайындау, нәтижелер бағасы және өткiзiлген бюджеттiк мониторингiнiң негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды орындау, түсiмдермен бюджеттi орындау туралы, сондай-ақ қаржылық жылға тиiстi мемлекеттiк органның бюджеттiк бағдарламалар тапсырмаларының шешiмi, мақсаттары және нәтижелер жетiстiгiн талдау нәтижелерi туралы есептiлiктi дайындау. Құзыретiнiң шеңiндегi желi, штат және контингент жөнiндегi түсiндiрме жазбахатпен есептердi қабылдау. Мемлекеттiк мекемелер және кәсiпорындардың еңбекақысын есептеу және төлеу есептiлiгiн дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi экономика және бизнес саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2016
Қаралым саны: 430
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?