Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 374.2
EUR | KZT 420.34
RUB | KZT 5.52
Көкшетау қ.
-10 °C
2018 ж. қарашаның 14
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (индексi020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс:8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: akimat_kadry409@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлiмiнiң бас маманы, E-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Ақмола облысы және қала әкiмдерi, облыс және қала әкiмiнiң орынбасарлары, облыс және қала әкiмi аппараты басшыларының берген тарсырмаларының орындалу барысын бақылау, олардың орындалуы жөнiнде ақпарат дайындау. Қала әкiмiнiң халықпен кездесуiн, есеп беру кездесулерiн, жергiлiктi халыққа кеңес беруiн, қала әкiмдiгiнiң мәжiлiстерiн, аппараттық және жедел және т.б. жиналыстарын өткiзiлуiн ұйымдастыру. Жергiлiктi атқарушы органдармен, қалалық мәслихатпен ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асыру. Жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингiн жүргiзудi және қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында сайлаудың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ техникалық қадағалау секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Субұру жыраларын және нөсерлi кәрiздi, нөсерлi кәрiз торларын тазалау, контейнер алаңдарын қалпына келтiру және абаттандыру, қоқыстарды шығару, жеке меншiк секторындағы ТҚҚ шығару, ТҚҚ полигонын күтiп ұстау. Жеке меншiк секторымен су басу мен апатты жағдайлар жөнiнде жұмыс жасау. Қаланы абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнiндегi кешендi жоспарға қатысу. Пайдалануға берiлетiн объектiлердi қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе техникалық ғылымдар және технология (құрылыс, тiршiлiк қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау) саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ тұрғын үй секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан белгiленген тәртiпте баспана беру туралы шешiмдi, сондай -ақ түпнұсқаларын рәсiмдеу және беру; баспананы жалдау шарттарын рәсiмдеу және беру, мемлекеттiк тұрғын үй қорын тексеру; азаматтарға кеңес беру; мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана берiлуге тиiс мұқтаж азаматтарды тiзiмге қойуға қажеттi құжаттарды тексеру; қала әкiмдiгiнiң жанындағы тұрғын үй комиссиясының қарауына мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана беру құжаттарын дайындау; баспана беру жөнiндегi шешiм журналын жүргiзу; тиiстi органдардың сұраныстарына баспана берудiң мұрағаттық құжаттарын ұсыну; коммуналдық меншiк құқығын тiркеу; Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе құқық немесе қызмет немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

4. «Красный яр ауылдық округ әкiмiнiң аппараты» ММ жетекшi маманы, E-G-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 62461 теңгеден 84115 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кедейлiктi төмендету саясатын жүзеге асыру, мүгедектердi бейiмдеу, тұрғындардың әлеуметтiк–осал таптарына көмек көрсету жөнiде қоғамдық және қайырымдылық қорларымен әлеуметтiк көмек көрсету секторымен, әлеуметтiк-осал санаттармен жұмыс секторымен, мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жалғызбасты қарт азаматтарға үйде қызмет көрсету жөнiнде өзара қатынас жасау. Атаулы әлеуметтiк көмек және мемлекеттiк балалар жәрдемақысын белгiлеу жөнiнде азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау; көрнекi ақпараттардың жағдайына жауапкершiлiк, округ аймағында мерекелiк iс-шараларды ұйымдастырады, кәсiби мерекелер, аншлагтар мен нөмiрлiк белгiлердi даярлау жөнiндегi ведомстволарға қолдау көрсетедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Жалпы конкурсқақатысуға қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысанға сәйкес өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық

стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм берусаласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер әңгiмелесудi Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында оларды әңгiмелесуге жiберу туралы үмiткерлердi хабардар ету күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурсты өткiзу орнына келiп-кету, тұратын орынды жалдау және т.б.) азаматтармен өз қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер уәкiлеттi органдарға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссияның шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi______________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабыл-данған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Мақаланың шыққан күні: 30.03.2018
Қаралым саны: 215
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Біздің сайтқа не арқылы кірдіңіз?