Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 354.12
EUR | KZT 416.73
RUB | KZT 5.37
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (индексi020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс:8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: akimat_kadry409@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманы (20.05.2018 жылына дейiн негiзгi қызметкердiң жүктiлiкке және босану кезеңiне) E-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiне келiп түсетiн заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шаралар қолдану және жауап дайындау. Көкшетау қаласының әкiмдiгi және әкiмi қызметi барысында туындайтын сұрақтарды қарастыру және олар бойынша заңды қорытынды дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған мерзiмде прокурорлық әсер ету актiлерiн қарастыру және шара қолдану. Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратына прокурорлық әсер ету актiлерiнiң есептерiн дайындау және уақытында жолдау. Ақмола облысы әкiмi аппаратына iс-шаралар жоспарымен қарастырылған мерзiмде, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, жемқорлыққа қарсы күрес өңiрлiк бағдарламаларын уақытылы орындау жөнiнде жиынтық ақпарат жiбередi. Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейiн жетiлдiрудiң кешендi бағдарламасын жүзеге асыруға шара қолданады, қолданыстағы заңнаманы насихаттау және құқықтық жаппай оқыту жұмысын ұйымдастырады. Қала әкiмi мен әкiмдiгiнiң нормативтi құқықтық актiлерiн тiркеуге жолдайды, оларға мониторинг жүргiзедi, олардың есептерiн дайындап, Әдiлет органдарына жiбередi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе құқық саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ құжаттарды қамтамасыз ету бөлiмiнiң бас маманы E-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Әкiмдiк отырысының хаттамаларын әкiмдiк және қала әкiмiнiң нормативтiк және жеке актiлерiн, өкiмдер және басқа құжаттар мен материалдарды дайындау, құпиялық iс-жүргiзу жұмысын жүзеге асыру. Нормативтiк-құқықтық актiлердi, баяндамаларды, қала әкiмiнiң аппаратындағы құжаттарды қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға аудару (қажет болғанда синхронды). Қала әкiмiнiң хат-хабарларын қабылдау, тiркеу, келiп түскен хат-хабарларға есеп жүргiзу, орындауды бақылау, шығыс хаттардың дұрыстығын бақылау және олардың жедел түрде жiберiлуiн iске асыру. Әкiмнiң шешiмдерiнiң, өкiмдерiнiң және басқа құжаттардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, әкiмдiктiң қаулыларын, шешiмдерiн, өкiмдерiн тiркеу. Тиiстi еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету, бұлжытпай орындау және лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ әкiмшiлiк-аумақтық дамыту бөлiмiнiң бас маманы E-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бейбiт және соғыс кезеңiне АҚ жоспарларын әзiрлеу; құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды өткiзуге күштер мен құралдар құрылуына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; құтқару жұмыстарын орындауға басқарма органдары мен құралдарының тұрақты дайындығын iс-шаралармен қамтамасыз ету; апаттардың туындау қауiпсiздiгiн төмендету шараларын бақылау және жүзеге асыру; табиғи және техногендi сипаттағы ТЖ саласындағы бiлiмдерiн насихаттауды ұйымдастыру; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде қалалық ведомствоаралық комиссия отырысын ұйымдастыру, эвакуациялық комиссия құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оның қызметiн қамтамасыз ету, республикалық және облыстық штабтық жаттығулар өткiзуге қатысу, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды орындауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе бiлiм (бастапқы әскери дайындық) құқық немесе жаратылыстану ғылымдары (экология, метеорология) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (өмiр қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау) немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Жалпы конкурсқақатысуға қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысанға сәйкес өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм берусаласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Жалпыконкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер әңгiмелесудi Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында оларды әңгiмелесуге жiберу туралы үмiткерлердi хабардар ету күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурсты өткiзу орнына келiп-кету, тұратын орынды жалдау және т.б.) азаматтармен өз қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер уәкiлеттi органдарға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссияның шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан

__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны      _______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

________                                          ____________________________________
   (қолы)                                           (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
 

______________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

_______________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
Ұлты/Национальность (по желанию)
Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
Мамандығыбойыншабiлiктiлiгiғылымиатағы (болғанжағдайда)/
Квалификация по специальности,ученая степень, ученое звание (при наличии)
Шеттiлдерiнбiлуi/
Владение иностранными языками
Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)
Дипломатиялықдәріжесі, әскері, арнайыатақтарысыныптықшенi(болғанжағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізітуралымәлiмет(болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Датақызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабылданған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    
Мақаланың шыққан күні: 02.03.2018
Қаралым саны: 112
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика