Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 354.12
EUR | KZT 416.73
RUB | KZT 5.37
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 24
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді.

«Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі 141, кабинет 409, анықтама үшін телефон нөмірі: 8 (716-2) 29-78-19, факс         8 (716-2) 29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік құқықытық бөлімінің бас маманы (төменгі), «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік-құқықтық бөліміне келіп түсетін заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, шаралар қолдану және жауап дайындау. Көкшетау қаласының әкімдігі және әкімі қызметі барысында туындайтын сұрақтарды қарастыру және олар бойынша заңды қорытынды дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған мерзімде прокурорлық әсер ету актілерін қарастыру және шара қолдану. Ақмола облысы әкімінің аппаратына прокурорлық әсер ету актілерінің есептерін дайындау және уақытында жолдау. Ақмола облысы әкімі аппаратына іс-шаралар жоспарымен қарастырылған мерзімде, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламаларын уақытылы орындау жөнінде жиынтық ақпарат жібереді. Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін жетілдірудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға шара қолданады, қолданыстағы заңнаманы насихаттау және құқықтық жаппай оқыту жұмысын ұйымдастырады. Қала әкімі мен әкімдігінің нормативті құқықтық актілерін тіркеуге жолдайды, оларға мониторинг жүргізеді, олардың есептерін дайындап, Әділет органдарына жібереді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: құқық саласында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттарды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (төменгі), «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Әкімдік отырысының хаттамаларын әкімдік және қала әкімінің нормативтік және жеке актілерін, өкімдер және басқа құжаттар мен материалдарды дайындау, құпиялық іс-жүргізу жұмысын жүзеге асыру. Нормативтік-құқықтық актілерді, баяндамаларды, қала әкімінің аппаратындағы құжаттарды қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға аудару (қажет болғанда синхронды). Қала әкімінің хат-хабарларын қабылдау, тіркеу, келіп түскен хат-хабарларға есеп жүргізу, орындауды бақылау, шығыс хаттардың дұрыстығын бақылау және олардың жедел түрде жіберілуін іске асыру. Әкімнің шешімдерінің, өкімдерінің және басқа құжаттардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ету, әкімдіктің қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін тіркеу. Тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз ету, бұлжытпай орындау және лауазымдық нұсқаулықтың талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру немесе әскери іс және қауіпсіздік саласында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі техникалық қадағалау секторының бас маманы (төменгі), «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мердігерлік ұйымдармен жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жетекшілік ететін бағыттармен бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарға конкурстар өткізуге қатысу және құжаттамалар әзірлеу.

Қаланы көгалдандыру жөнінде мердігерлердің орындаған жұмыс көлеміне тұрақты техникалық қадағалау жасау, зираттарды қоршау, зиратқа баратын жолдарға қиыршық тас төсеу, субұрқақтарды күту және жөндеу, туысы жоқ азаматтарды жерлеу, ескерткіштер күтіп ұстау, тұрғын үйлерінің алдын жөндеу, аншлагтарды, үй нөмірлерін және көрсеткіштерді әзірлеу, газтаратқыш құралдарды қалпына келтіру және оларға қызмет көрсету, газдандыру бағдарламасын іске асыру, жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындау, мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау. Пайдалануға берілетін обьектілерді қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: техникалық ғылымдар және технология саласында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.      

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (төменгі), «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты анықтайтын бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу. Қазақстан халқы Ассамблеясының, ұлттық-мәдени орталықтарының, қоғамдық бірлестіктерінің жұмысын үйлестіру және мониторинг жасау. Саяси партиялар қызметінің мәселелерін үйлестіру және мониторинг жасау. Қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар мен ұлттық-мәдени орталықтарының көшбасшыларымен өзара әрекеттесуін және олармен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. Жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, әскери-патриоттық тәрбие жөнінде жұмысты ұйымдастыру, жастардың жаздық еңбек мезгілін ұйымдастыру, қиын жасөспірімдермен жұмыс, қазақстандық патриотизмін тәрбиелеуді нығайтуға бағытталған жаппай-мәдени және ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Көкшетау қаласының даму бағдарламалары мен кешенді жоспарының орындалу көрсеткіштеріне бақылау. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің жұмысын ұйымдастыру. «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекетін ұйымдастыру және жұмысына бақылау. Құжаттарды қолданыстағы талаптарға сәйкес ведомстволық мұрағатқа уақытылы дайындау және тапсыру. Жалпы қалалық іс-шараларды өткізу мен дайындауға қатысу. Ішкі саясат саласында мемлекеттік органдарының қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу, бөлім қызметіне жататын мәселелер жөніндегі ақпараттық-аналитикалық материалдарының дайындығын жүзеге асыру. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына, Ақмола облысының жастар саясаты басқармасына, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола хатшылығына тоқсан сайынғы және ай сайынғы есептерін ұсыну.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет саласында жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.      

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылыс секторының жетекші маманы (төменгі), «Е-R-5» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 64959 теңгеден 88278 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Құрылыс мониторингі; орындалған құрылыстық- монтаждау жұмыстарын қабылдауға қатысу; бас мердігерлік ұйымдармен нысандардың құрылысы мен реконструкциясы мәселелері жөнінде жұмыс істеу; ЖСҚ және техникалық шарттармен қамтамасыз ету; ММ теңгерімнен құрылған нысандарды қабылдау-тапсыру жөніндегі комиссияларға қатысуы үшін құжаттарды дайындау; бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану шараларын әзірлеуге қатысу; құрылыстық-монтаждау жұмыстарын өткізу үшін рұқсат беруді рәсімдеу; құжаттаманы дайындау мен мемлекеттік сатып алу өткізуге қатысу; құжаттарды дайындау және мемлекеттік қабылдау мен жұмыс комиссияларына қатысу; құрылыс және реконструциялау нысандарына байланысты сұрақтарды келісу, мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін техникалық құжаттаманы дайындау; нысандарға комиссиялық бақылау жүргізу; нысандарға арналған ЖСҚ мердігерлерге құрастыру мен тапсыру; мердігерлердегі жұмыстардың орындалу формаларын, есептерін және калькуляцияларын тексеру; нормативтік-құқықтық актілерімен бекітліген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; бөлімде еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын, сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздігін және ішкі тәртіпті сақтау; мекеменің қызметіне байланысты тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: техникалық ғылымдар және технология саласында жоғары немесе ортадан кейінгі білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. «Станционный поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (төменгі), «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 62461 теңгеден 84114 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Әкім жанындағы қоғамдық комиссия және кеңестің, қоғамдық үй басқарудың коммуналдық және тұрғын үй қорын пайдалану мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстарын басшылыққа алу, Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу, статистикалық есепті ұйымдастыру, Елді мекен жерлерінде мал жайылымы орындарын айқындау, елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру, жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау; пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік жайлармен қамтамасыз ету. Жеке шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру немесе әскери іс және қауіпсіздік саласында жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкімінің және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 05.04.2016
Қаралым саны: 915
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика