Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2) 29-78-19, факс 8 (716-2) 29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк қызметтердi ұсынуды талдау бөлiмiнiң бас маманы (төменгi), «Е-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң мониторингiн жүргiзудi және қадағалауды жүзеге асыру; мемлекеттiк қызметтердi көрсету ахуалын және даму перспективаларын талдау, бар кемшiлiктердi жою туралы ұсыныс жасау. Көкшетау қаласының аумағында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сапасының артуын қамтамасыз ету. Көрсетiлген қызметтердi алушылардың өтiнiштерiн қарау. Көрсетiлген қызметтердi алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi бюджеттiң орындалуын талдау және қаржыландыру секторының бас маманы (төменгi), «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қалалық бөлiмдермен, бөлiм секторларымен өзара әрекеттесу. Құзыретiнiң шеңiндегi түсiмдер жиынтық жоспарын қалыптастыру және төлемдермен қаржыландыру, мiндеттемелермен қаржыландыру жиынтық жоспары, қаржыландыру жиынтық жоспарына өзгертулер енгiзу, қалалық мәслихат сессиясының шешiмiн өндiру бойынша бюджеттiк бағдарлама әкiмгерлерiнiң қаржыландыру жоспары, әкiмдiк қаулылары, ББӘ өтiнiмдерi. Қалалық бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiгiнде күн сайынғы орындау мониторингiсi. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлiнген несиелер, дамуға нысаналы трансферттер және нысаналы ағымдағы трансферттердi өндiру мониторинг нәтижелерi туралы есептi қалыптастыру. Қала бюджетiнiң орындалуын талдау. Қазынашылық органдарымен қалалық бюджетiнiң орындалуы туралы салыстырма есебi, айырмашылықтарымен түсiндiрме жазбахатты дайындау. Жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражаттарын пайдалану туралы, өткiзiлген бюджеттi анықтау саны туралы, бюджеттiк қаражаттардың бос қалдықтардың бағыты туралы мәлiметтердi қалыптастыру. Компьютерлiк бағдарламаларды сүйемелдеу. Элоктрондық пошта арқылы электрондық хабарламаларды жiберу және қабылдау. Компьютерлiк техникаларға жүйелiк қызмет көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: экономика және бизнес саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы (төменгi), «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: ҚР заңдарына сәйкес тексерiс өткiзедi; Тұрғын үй қорын ұстау ережесiн бұзу туралы актiлер құру; Тұрғын үй қорын ұстау ережесiнiң бұзушылығын жою жөнiндегi мiндеттi орындау үшiн ұйғарымды ұйғарым шығару; Кондоминиум нысандарының ортақ мүлiгiне техникалық тексеруге қатысу; Тұрғын үй көмегi есебiмен қаржыландырылатын кондоминиум нысандарын басқару органдарымен ұсынылған кондоминиум нысандары — ортақ мүлiгiнiң күрделi жөндеуiнiң бөлек түрлерiн өткiзуге шығын сметасын келiседi; Күрделi жөндеудiң бөлек түрлерi мен орындалған жұмыстарды қабылдау комиссиясына қатысады; Басшының тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе қызмет саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 18.04.2016
Қаралым саны: 674
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика