Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурсы

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi 020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-78, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары, E-1 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150 740 теңгеден 203 206 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Тұрғын үй-коммуналдық саласы, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, жер қатынастары, көлiктiк және инженерлiк инфроқұрылымның дамуы, сумен қамтамасыз ету, тiршiлiктi қамтамасыз ету кәсiпорындарының жұмысын ұйымдастыру, энергетика және коммуналдық қызмет көрсету, тарифтiк саясат, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар, қаланы абаттандыру және санитарлық тазалық, халыққа қызмет көрсетудiң сапасын жетiлдiру және ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк етедi. Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi. Көкшетау қаласының тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi нысандарын шұғыл басқаруды, өзiнiң саласындағы ағымдық стратегиялық мақсаттарды әзiрлейдi және жүзеге асырады. Мемлекеттiк мекемелердiң жұмыстарын үйлестiредi: «Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi», «Көкшетау қаласының құрылыс бөлiмi», «Көкшетау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлiмi», «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi», «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi». Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң жанындағы «Көкшетау Жылу», «Көкшетау Су Арнасы», «Көкше-Жәрдем» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарының тиiмдi қызметiн мен жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. «Тазалық» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының және «Кокшетауский ДЭУ» акционерлiк қоғамының жұмысын ұйымдастырады және қадағалайды. Жолдарды қалпына келтiруге және жөндеуге мониторинг өткiзедi, жолаушылар тасымалдауының үзiлiссiз қозғалысын ұйымдастырады. Халықты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету және сумен қамтамасыз ету тұрғын үй қорын, инженерлiк коммуникацияларды пайдалануға бақылауды қамтамасыз етедi. Жер комиссиясын, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн мәселелердiң жұмыс топтары мен комиссияларды басқарады. Өзi басшылық ететiн мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын және басшыларын тағайындау және лауазымнан босату жөнiнде қала әкiмiне ұсыныстар енгiзедi. Жер комиссиясын, сондай-ақ өз құзыретiне кiретiн мәселелерi жөнiндегi комиссиялар мен жұмыс топтарына басшылық етедi. Қала әкiмiне лауазымды тұлғалардың және жетекшiлiк ететiн мекемелер мен ұйымдардың жұмыстан босатылғаны немесе тағайындалғаны туралы ұсыныс енгiзедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес ғылымдары саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегi құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кiшi офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегi, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар: 1) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген ««Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтiнiш,

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен куәландырылған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 3 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 15.04.2017
Қаралым саны: 364
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика