Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
11 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2) 29-78-19, факс 8 (716-2) 29-78-66, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 142 412 теңгеден 192381 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Бөлiм қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету; жер қатынастарын реттеу, жерлердi пайдану және қорғау, жер реформасын жүргiзу мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен өзара қатынасу; жер заңнамасының қолданылу практикасын жинақтау; жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерiне тиесiлi қалалық бағдарламалар, схемалар мен жобаларға сараптамалар өткiзу; мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу мақсатында ғылыми-зерттеу, жобалық-iздену, топографо-геодезиялық жұмыстарын мемлекеттiк тапсырыс қалыптастыруға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, қызмет немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе құқық саласында Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк. Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
2) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;
4) ғылыми дәрежесiнiң болуы;*
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес.*
2. «Көкшетау қаласының бiлiм бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жалпы орта бiлiм және қорғаншылық (қамқоршылық) секторының бас маманы (төменгi), «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Балаларды, мүгедек балаларды есептеу және мiндеттi жалпы орта бiлiммен қамту бойынша жұмысты, оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке санатының тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандырылуына бақылау жасау, жинақтау және ұйымдастырылуын сараптау, үйде оқыту; «Қайырымдылық» акциясының барысын есептеу және бақылау, балаларды жалпыға мiндеттi бiлiммен қамту бойынша бақылау жасау; мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есептеу; оқушылар үлгерiмi үшiн бақылау жүргiзу; қатаң есептеме бланкiлерiн беру, мемлекеттiк қызметтер көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: бiлiм немесе жаратылыстыну ғылымдары саласында жоғары бiлiмi. Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк. Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.
3. «Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы (төменгi), «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк. Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: ҚР заңдарына сәйкес тексерiс өткiзедi; Тұрғын үй қорын ұстау ережесiн бұзу туралы актiлер құру; Тұрғын үй қорын ұстау ережесiнiң бұзушылығын жою жөнiндегi мiндеттi орындау үшiн ұйғарымды ұйғарым шығару; Кондоминиум нысандарының ортақ мүлiгiне техникалық тексеруге қатысу; Тұрғын үй көмегi есебiмен қаржыландырылатын кондоминиум нысандарын басқару органдарымен ұсынылған кондоминиум нысандары — ортақ мүлiгiнiң күрделi жөндеуiнiң бөлек түрлерiн өткiзуге шығын сметасын келiседi; Күрделi жөндеудiң бөлек түрлерi мен орындалған жұмыстарды қабылдау комиссиясына қатысады; Басшының тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етедi.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе қызмет саласында жоғары бiлiмi. Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк. Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi. Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» негiзiнде жүргiзiледi. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.
Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);
8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi). Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi. Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады. Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағат бұрын кешiктiрiлмей бередi. Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 10 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет. Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2016
Қаралым саны: 619
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика