Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 352.54
EUR | KZT 415.15
RUB | KZT 5.31
Көкшетау қ.
10 °C
2018 ж. қыркүйектiң 22
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, кабинет 409, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-2)29-78-19, факс 8(716-2)29-78-66, электрондық мекен-жайы: akimat_kadry409@mail.ru) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ қаржы-экономикалық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: мекеменiң тауарлы-материалдық құндылықтары мен негiзгi құралдарын толық есепке алуға бақылауды жүзеге асыру. Аппаратты күтiп ұстауға байланысты өтiнiмдердi, шоттарды, тапсырыстарды рәсiмдеу; Жоғары тұрған ұйымдар мен басшыларға кәсiпорынның қаржылық жағдайы туралы жедел ақпараттарды ұсыну; қалалық қаржы бөлiмiне, статистика басқармасына және басқада органдарға белгiленген мерзiмде бухалтерлiк есептi құрастыру; еңбекақыны есептеу, төлемдердi уақытында аудару, зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк, табыс салықтарын және әлеуметтiк аударымдардың дұрыс есептелiп, аударылуын ұйымдастыру. Бөлiмдi күтiп ұстау бағдарламасымен бюджеттiк өтiнiмдi құрастыру; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе экономика және бизнес саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Көкшетау қаласының азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi » ММ бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: азаматтық хал актiлерiн тiркеу саласында мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi; тууды, қайтыс болуды, некенi қиюды және бұзуды, баланы асырап алуды, әкелiктi белгiлеу, тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыруды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады; тегi, аты, әкесiнiң атының өзгерiстерiн және түзетулердi енгiзедi, сонымен қатар азаматтық хал актiлерiнiң жоғалтылған жазбаларын қалпына келтiру бойынша матариалдарды дайындайды және қорытындыны құрайды және қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын дұрыстайды, өзгертедi, қалпына келтiредi және күшiн жояды; перзентхана үйлерiнiң тiзiмдерiмен жұмыс iстеудi жүзеге асырады; алфавиттiк кiтаптарды жүргiзедi; тiркелген iстердiң сақталуын және бөлiм мұрағатының тиiстi жағдайын қамтамасыз етедi; елтаңбалық бланкiлердiң қозғалысы бойынша есептердi құрады; соттың талап етуi бойынша сот отырыстарына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамысыздандыру саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ коммуналдық меншiк секторының бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99105 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: қажеттi iс-шараларды жүзеге асыру. Мемлекеттiк мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне тапсыру, қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлiктердi бекiту және қайта бөлу, «Есептi тапсырудың бiрыңғай жүйесi» арнайы бағдарламасымен тiкелей қалалық коммуналдық мүлiктi есепке алуды ұйымдастыру, қалалық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстваға қарасты кәсiпорындарына бекiтiлген мүлiктi есептен шығаруды келiсу, өз құзырлығының шегiнде мемлекеттiк мүлiк тiзбесiн жүргiзу (мемлекеттiк мүлiк келiсiмiнiң тiзбесi, жекешелендiру нысандарының тiзбесi, мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғалардың және т.б тiзбесi). Нормативтiк құқықтық актiлердi және қаланың коммуналдық мүлiгiн жүзеге асыру бойынша өз құзырлығының шегiнде қаланың коммуналдық мүлiгiн басқару саласындағы құқықтық актiлердi әзiрлеу, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте иесiз деп танылған қаланың коммуналдық меншiгiне бағытталған (түскен) коммуналдық мүлiктi, мұраға алу құқығы бойынша мемлекетке өтеусiз түскен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген тәртiпте коммуналдық меншiкке түскен, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ, қазына үлестерi, бақылаусыз қалған жануарлар, табылған, иесiз мүлiктi тiркеу, сақтау, бағалау және одан әрi қарай қолдану, қалалық коммуналдық мүлiктi жалға беру, жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға одан әрi қарай сатып алу құқығынсыз немесе одан әрi сатып алу құқығымен немесе өтеусiз негiзде шағын кәсiпкерлiк субьектiлер меншiгiне одан әрi қарай тапсыру құқығымен сенiмдi басқаруға ұсыну, мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларда түгендеу жүргiзудi ұйымдастыру, iс-әрекет етпейтiн мемлекеттiк коммуналдық заңды тұлғаларды жою.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiм немесе экономика және бизнес немесе құқық саласында бiлiмi барларға рұқсат етiледi;

мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысанға сәйкес өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық

стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру

саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер әңгiмелесудi Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында оларды әңгiмелесуге жiберу туралы үмiткерлердi хабардар ету күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурсты өткiзу орнына келiп-кету, тұратын орынды жалдау және т.б.) азаматтармен өз қаражатының есебiнен жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысушылар және үмiткерлер уәкiлеттi органдарға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурстық комиссияның шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_____________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________
_________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
_________________________________________________________
_________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/увольнения Күні/Датақызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы, местонахождение организацииқабылданған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Мақаланың шыққан күні: 20.11.2017
Қаралым саны: 336
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика