Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 345.55
EUR | KZT 401.01
RUB | KZT 5.45
Көкшетау қ.
22 °C
2018 ж. шiлденiң 20
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсы.

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2) 29-78-19, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк құқықтық бөлiмiнiң бас маманы (төменгi), «Е-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiне келiп түсетiн заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау, шаралар қолдану және жауап дайындау. Көкшетау қаласының әкiмдiгi және әкiмi қызметi барысында туындайтын сұрақтарды қарастыру және олар бойынша заңды қорытынды дайындау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған мерзiмде прокурорлық әсер ету актiлерiн қарастыру және шара қолдану. Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратына прокурорлық әсер ету актiлерiнiң есептерiн дайындау және уақытында жолдау. Ақмола облысы әкiмi аппаратына iс-шаралар жоспарымен қарастырылған мерзiмде, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, жемқорлыққа қарсы күрес өңiрлiк бағдарламаларын уақытылы орындау жөнiнде жиынтық ақпарат жiбередi. Азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейiн жетiлдiрудiң кешендi бағдарламасын жүзеге асыруға шара қолданады, қолданыстағы заңнаманы насихаттау және құқықтық жаппай оқыту жұмысын ұйымдастырады. Қала әкiмi мен әкiмдiгiнiң нормативтi құқықтық актiлерiн тiркеуге жолдайды, оларға мониторинг жүргiзедi, олардың есептерiн дайындап, Әдiлет органдарына жiбередi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: құқық саласында жоғары бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Красный яр селолық округi әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң жетекшi маманы, Е-G-4 санаты, 1 бiрлiк,
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 62461 теңгеден 84114 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кедейлiктi төмендету саясатын жүзеге асыру, мүгедектердi бейiмдеу, тұрғындардың әлеуметтiк–осал таптарына көмек көрсету жөнiде қоғамдық және қайырымдылық қорларымен әлеуметтiк көмек көрсету секторымен, әлеуметтiк-осал санаттармен жұмыс секторымен, мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жалғызбасты қарт азаматтарға үйде қызмет көрсету жөнiнде өзара қатынас жасау. Атаулы әлеуметтiк көмек және мемлекеттiк балалар жәрдемақысын белгiлеу жөнiнде азаматтардың өтiнiштерiн қабылдау және қарау; көрнекi ақпараттардың жағдайына жауапкершiлiк, округ аймағында мерекелiк iс-шараларды ұйымдастырады, кәсiби мерекелер, аншлагтар мен нөмiрлiк белгiлердi даярлау жөнiндегi ведомстволарға қолдау көрсетедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе қызмет немесе ветеринария немесе денсаулық сақтау мен әлеуметтiк қамсыздандыру немесе әскери iс және қауiпсiздiк саласында жоғары немесе ортадан кейiнгi бiлiм не орта техникалық немесе кәсiптiк бiлiмi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2016
Қаралым саны: 401
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика