Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 344.58
EUR | KZT 400.51
RUB | KZT 5.47
Көкшетау қ.
28 °C
2018 ж. шiлденiң 19
«Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурсы

«Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (020000 индексi, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi 141, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8 (716-2) 29-78-19, электрондық мекен-жайы: mustafina_akimat@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi болып табылмайтын әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Көкшетау қаласының қаржы бөлiмi» ММ коммуналдық меншiк секторының меңгерушiсi, E-R-3 санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129919 тенгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Сектормен жалпы басшылық, қалалық бөлiмдермен, қаржы бөлiмiнiң басқа да құрылымдық бөлiмшелерiмен сектор жұмысын үйлестiру. Жарғылық капиталда мемлекеттiң қатысуымен АҚ (ЖШС), қалалық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметтер (даму) жоспарын орындау және жоспарлау мониторингiсiн жүзеге асыру. Мемлекетке жататын акцияның бақылау пакеттерi (қатысу үлесi), АҚ (ЖШС), қалалық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметтерiн талдау. Мемлекеттiң қатысуымен АҚ мемлекеттiк акция пакеттерiне дивидендтер, мемлекеттiң қатысуымен ЖШС, мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың алдағы кезеңге таза табыс бөлiгiнiң түсiмдерiнiң болжам көрсеткiштерi бойынша ақпаратты ұсыну. Кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн талдау мәселесi бойынша коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың есептерiн тыңдау өз құзыретiнiң шеңiнде қатысу және ұйымдастыру. Қаланың мемлекеттiк кәсiпорындарына және мемлекеттiк мекемелерiне бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi және орынды пайдалану, есептеу мәселесi бойынша жұмыстарды өткiзу және ұйымдастыру. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың таза табыс бөлiгiнде қалалық бюджет табысына, сондай-ақ қала әкiмдiгiнiң коммуналдық меншiгiндегi сметадан тыс алынған қазынашылық кәсiпорындардың табыстарын уақытында және толық есептеу мен аудару бақылауын жүзеге асыру, акционерлiк қоғамдармен мемлекеттiк акция пакеттерiне дивидендтердi, сондай-ақ бекiтiлген кестеге сәйкес есептiк жылдың қорытындысы бойынша бюджетке мемлекеттiң қатысуымен серiктестiкте мемлекеттiк қатысу үлесiне таза табысын есептеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары бiлiмi, экономика және бизнес немесе құқық ғылымдары саласында

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында не саяси лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

2) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдардың кiшi басшы құрамындағы лауазымдарда екi жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екi жарым жылдан кем емес жұмыс өтiлiнiң бар болуы;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесiнiң бар болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол берiледi. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күн бұрын кешiктiрiлмей бередi.

Құжаттар Көкшетау қаласы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Көкшетау қаласы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Мақаланың шыққан күні: 21.07.2016
Қаралым саны: 458
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика