Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 445.84
EUR | KZT 490.47
RUB | KZT 5.73
Көкшетау қ.
-3 °C
2020 ж. наурыздың 30
Ақмола облысының аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Мен, Ақмола облысының бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi Айнагүл Советқызы Мусина, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығының қолданылу кезеңiнде сауда объектiлерiнiң жұмыс iстеуi жөнiндегi ұсынымдарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, сауда және интеграция министрлiктерiнiң 2020 жылғы 18 наурыздағы № 169, 2020 жылғы 17 наурыздағы №53-НҚ бiрлескен бұйрық, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнiң 21-бабы 12-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының тұрғындары арасында жаңа коронавирустық инфекцияның (бұдан әрi — КВИ) әкелiнуi мен таралуына жол бермеу және өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары мен жеке кәсiпкерлер азық- түлiк емес сауда базарларын, сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерiн, олардың аумағында бар сауда орталықтарын және жеке орналасқан кинотеатрларды, балалар орталықтарын, адамдар көп жиналатын кез келген басқа да ойын-сауық объектiлерiн, азық- түлiк өнiмдерi мен дәрiлiк заттарды сату жөнiндегi оларда орналасқан объектiлердi қоспағанда, жабуды;

2. Сауда объектiлерiнiң иелерiне (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлерi, азық-түлiк базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер, үй жанындағы дүкендер, басқа да бөлшек сауда объектiлерi) көлемi 2000 шаршы метрден кем, сондай-ақ азық-түлiк базарларына санитариялық қауiпсiздiктi күшейту шаралары:

1) сатып алушылардың рұқсаты бар нан-тоқаш, кондитерлiк және өзге де өнiмдердi тек оралған түрде сатуды жүзеге асыру;

2) көкөнiстер мен жемiстердi қоспағанда, буып-түйiлген түрдегi тамақ өнiмдерiн өткiзу;

3) әрбiр 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдер, орындықтар, эскалаторлардың тұтқалары (бар болса), сатылар, есiктер, лифтiлер мен едендердi өңдеу;

4) келушiлерге коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша жадынамалар тарату;

5) қолды өңдеуге арналған ұзартылған микробқа қарсы әрекетi бар көп атқарымдық антисептикалық затты пайдаланумен санитайзерлердi орнату;

6) персоналға бiр рет қолданылатын қолғаптар берудi қамтамасыз ету;

7) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

8) объектiлерге үнемi желдетудi жүргiзу, ағынды-сорғылы қондырғыларын дезинфекциялау, ауаны сырттан алу жолымен үй-жайларды сүзудi және желдетудi ұлғайту;

9) 5 адамнан артық кезектiң түзiлуiне жол бермеу, олардың арасындағы қашықтықтың кемiнде бiр метр сақталуын қамтамасыз ету;

10) объектiге iргелес жатқан аумақты тәулiгiне кемiнде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу.

11) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн сауда объектiлерiнде жауапты қызметкерлердi бекiту;

3. Қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң иелерiне (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар, аспаздар және т. б.), соның iшiнде сауда объектiлерiнiң аумағында орналасқан объектiлерге санитариялық қауiпсiздiк шараларын күшейту:

1) өз жеткiзу қызметiнiң немесе өзге де жеткiзу қызметтерiнiң арқылы тұтынушыға дейiн тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткiзу арқылы ғана қызметтi жүзеге асыруға;

2) персоналдың жұмыс кезiнде бiр рет қолданылатын бетперделердi пайдалануы ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

3) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

4) қолды өңдеуге арналған ұзартылған микробқа қарсы әрекетi бар көп атқарымдық антисептикалық затты пайдаланумен санитайзерлердi орнату;

5) қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде ауысымына кемiнде екi рет ауыстыруға жататын бiр реттiк қолғаптармен және тұтастығы бұзылған жағдайда (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнiмдерiмен тiкелей байланыста болатын басқа да қызметкерлер) халыққа қызмет көрсету;

6) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн (немесе кемiнде 6 сағаттан кейiн ) желдетудi жүргiзуге;

7) әрбiр 3 сағат сайын дезинфекциялаушы майлықтармен сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды есiктердiң тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдердi, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), түскi залға (асханаға) кiреберiсте қол жууға арналған қабыршақтарды, өзiне-өзi қызмет көрсету сөрелерiн сүрту арқылы ылғалды жинау жүргiзуге;

8) объектiге iргелес жатқан аумақты тәулiгiне кемiнде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге мiндеттi.

9) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн жауапты қызметкерлер бекiтiлсiн.

4. Қоғамдық тамақтану объектiлерiнiң иелерiне (кафе, мейрамханалар, барлар, асханалар және т. б.):

1) бiр уақытта 50 адамнан аспайтын келушiлердiң санын шектеу;

2) қолды өңдеуге арналған ұзартылған микробқа қарсы әрекетi бар көп атқарымдық антисептикалық затты пайдаланумен санитайзерлердi орнату; немесе бiр рет қолданылатын қолғаптарды берудi қамтамасыз ету;

3) әрбiр 3 сағат сайын дезинфекциялаушы майлықтармен сүрту арқылы дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды есiктердiң тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдердi, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақшаларын), түскi залға (асханаға) кiреберiсте қол жууға арналған қабыршақтарды, өзiне-өзi қызмет көрсету сөрелерiн сүрту арқылы ылғалды жинау жүргiзуге;

4) келушiлердiң өзiне-өзi қызмет көрсетуге тарату желiсiндегi асханаларға тыйым салынады;

5) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

6) персонал келушiлермен жұмыс iстеу кезiнде бiр рет қолданылатын бетперделердi пайдалануға( бетперделердi әр 3 сағат сайын ауыстыру);

7) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейiн (әрбiр 6 сағат) желдету;

8) объектiге iргелес жатқан аумақты тәулiгiне кемiнде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге мiндеттi.

9) қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде ауысымына кемiнде екi рет ауыстыруға жататын бiр реттiк қолғаптармен және тұтастығы бұзылған жағдайда (сатушылар, аспаздар, даяршылар, кассирлер және тамақ өнiмдерiмен тiкелей байланыста болатын басқа да қызметкерлер) халыққа қызмет көрсету;

10) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және т.б. үстелдердiң арасындағы қашықтықты кемiнде 2 метр сақтау.

11) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн жауапты қызметкерлер бекiтiлсiн.

5. Қызмет көрсету саласы объектiлерiнiң иелерiне (сұлулық салоны, ателье және басқалар):

1) қолды өңдеуге арналған ұзартылған микробқа қарсы әрекетi бар көп атқарымдық антисептикалық затты пайдаланумен санитайзерлердi орнату; немесе бiр рет қолданылатын қолғаптарды берудi қамтамасыз ету;

2) персонал келушiлермен жұмыс iстеу кезiнде бiр рет қолданылатын бетперделердi пайдалануға (бетперделердi әр 3 сағат сайын ауыстыру);

3) күшейтiлген дезинфекциялық режимдi енгiзу, әрбiр 3 сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдердi, орындықтарды, эскалаторлардың тұтқаларын (бар болса), баспалдақтарды, есiктердi, лифттер мен едендердi өңдеу;

4) өз аумағына келушiлердi тек бетперде киген (бетперде болмаған жағдайда бетперденi тегiн берудi қамтамасыз етуге) және келушiлерге коронавирустың алдын алу бойынша жадынамалар таратуға рұқсат етiледi;

5) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

6) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн жауапты қызметкерлердi бекiтсiн.

6. Ақмола облысының қалалары мен аудандарының әкiмдерi қамтамасыз етсiн:

1) әрбiр рейстен кейiн қоғамдық көлiктiң жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеу жүргiзудi бақылау; қоғамдық көлiк аялдамалары (күнiне бiр рет), жалпы пайдалану орындары (жаяужолдар, саябақтар, скверлер, алаңдар және т. б.);

2) жаппай болатын және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (ХҚКО, коммуналдық шаруашылық, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық режимдi бақылау.

3) жалпы пайдаланылатын орындарға дезинфекциялық өңдеу жүргiзу үшiн ұтқыр бригадаларды құру.

7. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары қамтамасыз етсiн:

1) дезинфекциялық құралдарын пайдалана отырып, барлық үй-жайларды ылғалды жинау;

2) қолды өңдеуге арналған ұзартылған микробқа қарсы әрекетi бар көп атқарымдық антисептикалық затты пайдаланумен санитайзерлердi орнату;

3) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

4) әрбiр 6 сағат сайын жұмыс үй-жайларын желдетудi жүргiзу;

5) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн жауапты қызметкерлердi бекiту.

8. Ақмола облысының полиция департаментi қамтамасыз етсiн:

1) күдiктi науқастарды, байланыста болған адамдарды, сондай-ақ КВИ бойынша қолайлы елдерден келген адамдарды ауруханаға жатқызу орындарын күзету;

2) КВИ бойынша байланыста болғандарды iздестiру және карантинге орналастыру жөнiнде шаралар қабылдау;

3) төтенше жағдай режимiн бұзуға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау.

9. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсiн:

1) КВИ бар пациенттердi емдеу үшiн қажеттi дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттiлiк;

2) стационарлардың карантинi:

 — бетперделiк режимi, келушiлердiң сапарына тыйым салу;

 — жоспарлы медициналық қызметтердi көрсетудi шектеу (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту);

3) Амбулаториялық-емханалық объектiлердiң карантинi:

- бетперделiк режимi, пациенттерге бару;

- динамикалық бақылау пациенттерi үшiн қашықтықтан жоспарлы дәрiгерлiк кеңес берудi енгiзу;

4) амбулаториялық дәрi- дәрмекпен қамтамасыз етудi онлайн беру немесе жеткiзу;

5) жедел жәрдем бригадаларының санын арттыру.

10. Ақмола облысының бiлiм басқармасы қамтамасыз етсiн:

1) меншiк нысанына қарамастан мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының, мектептен тыс қосымша бiлiм беру ұйымдарының (даму, бiлiм беру орталықтары, үйiрмелер, факультативтер және т. б.) қызметiн 2020 жылғы 26 наурыздан бастап тоқтата тұру;

2) БАҚ және әлеуметтiк желiлер арқылы халық арасында КВИ таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жандандыру.

11. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi:

1) қарттар мен мүмкiндiгi шектеулi адамдарға арналған медициналық-әлеуметтiк объектiлерде, сәбилер үйлерiнде, балалар үйлерiнде, әлеуметтiк оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, интернат үлгiсiндегi толық карантиндi (баруға тыйым салуды) және күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық режимдi қамтамасыз ету;

2) барлық үй-жайларда санитариялық-дезинфекциялық режимдi сақтау (желдету, ауысымда кемiнде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау);

3) барлық үй-жайларды кейiннен желдетумен кварцтау;

4) персонал келушiлермен жұмыс iстеу кезiнде бiр рет қолданылатын бетперделердi пайдалануға( бетперделердi әр 3 сағат сайын ауыстыру);

5) жiтi респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмау) белгiлерiмен қызметкерлердi жұмысқа жiбермеу;

6) жоғарыда көрсетiлген тармақтардың сақталуын қамтамасыз ететiн жауапты қызметкерлердi бекiтiлсiн.

12. Ақмола облысының iшкi саясат, Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармалары:

1) қалалар мен аудандар әкiмдiктерiмен бiрлесiп, БАҚ және әлеуметтiк желiлер арқылы халық арасында КВИ таралуының алдын алу бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жандандыру;

2) дiни мақсаттағы объектiлерде санитариялық-дезинфекциялық режимнiң қамтамасыз етiлуiне бақылау күшейтiлуiн қамтамасыз етсiн.

13. Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсiн:

1) «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 25 қаулысын орындау;

2) халықты КВИ-ның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңiрлерде қабылданатын шаралар туралы хабардар ету.

14. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Ақмола облысы бойынша филиалы қамтамасыз етсiн:

1) КВИ күдiгi бар науқастарды және байланыста болған науқастарды зертханалық тексеру;

2) КВИ ошақтарын дезинфекциялық өңдеу;

3) полимеразды-тiзбектi реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргiзу үшiн КВИ науқастарынан үлгiлердi алуға арналған шығыс зертханалық материалдардың, шығыс материалдарының, тест-жүйелердiң, диагностикумдардың азаймайтын қоры.

15. Осы қаулы барлық мүдделi ведомстволардың назарына жеткiзiлсiн, халықты БАҚ және әлеуметтiк желiлер арқылы хабардар етсiн.

16. Қаулы меншiк нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.

17. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

18. Осы қаулы 2020 жылдың 20 наурызы сағат 00.00-ден бастап күшiне енедi.

Ақмола облысының

Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгерi А. Мусина

Мақаланың шыққан күні: 20.03.2020
Қаралым саны: 501

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус