Көкшетау қаласының
ресми интернет-ресурсы
Сақтансаң, сақтайды!

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласындағы бiрқатар сауда-ойын-сауық орталықтарын аралап, ондағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Халық қалаулысы алдымен «РИО» сауда-ойын-сауық кешенiнде болды. Аталған орталықтың коммерциялық директоры Арман Тәшенов ғимарат ең озық технологиямен жабдықталған бизнес кешенi екенiн атап көрсеттi. Өрт сөндiрудiң автоматтандырылған жүйесi жұмыс iстейдi. Ол айналма желiлер арқылы қалалық су құбырына қосылған. Өрт бола қалса бiрден iске қосылып, суды бүрку арқылы өрт ошағын сөндiредi. Төтенше жағдайлар мекемесiмен ұдайы жаттығулар болып тұратынын да тiлге тиек еттi. Ресейдегi оқиғадан кейiн төтенше жағдайлар жөнiндегi мекеме қызметкерлерiн шақырып, олқы түскен тұс болса, бiрлесiп шешуге ұйғарыпты. Халық қалаулысы мұндағы жағдайды көрiп, бiлгесiн қарапайым адамдардың өрт қаупi кезiндегi әрекетiне назар аудару аса қажет екенiн айтты. Бұдан әрi «Oго-го» балалардың ойын-сауық орталығында болып, жаңадан ашылған кешеннiң өрт қауiпсiздiгiн сақтау жөнiндегi жағдайына қанықты. Ойын-сауық ошағы басшылары бұл бағытта көп жұмыстар iстеуге тура келетiнiн айтты. Мұнда қалалық су құбырына қосылған өрт сөндiру гидранттары бар болғанымен, басқалай адамдардың өрт бола қалғанда далаға шығу жолдары кедергiсiз болуы керектiгiн ұмытпаған жөн. Парламент депутаты Меруерт Қазбекова ендiгi жерде төтенше жағдайлар мекемелерi мұндай кешендердi тексеру кезiнде жазалауға емес, нұсқау беру арқылы көмектесуге баса назар аударылса деген ойын бiлдiрдi.

Мақаланың шыққан күні: 09.04.2018
Қаралым саны: 211
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

 

 

г.Кокшетау, ул. Ауэзова 141

8 (7162) 29-78-00

8 (7162) 29-78-66

 

akymat_kokshetay@mail.ru

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7162) 29-78-23, 29-78-24

@2018 «Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы» ММ
Разработка сайта: Компания Интегро