Көкшетау әкімдігі
Көкшетау қаласының ресми интернет-ресурсы

USD | KZT 387.34
EUR | KZT 428.44
RUB | KZT 6.04
Көкшетау қ.
13 °C
2019 ж. қыркүйектiң 19
Тазалық, ағаш егу – басты назарда

Көкшетау қаласы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы А. Смайыловтың төрағалығымен қалалық мекемелер, бөлiмдер басшыларының қатысуымен жиын болып өттi.

Онда үстiмiздегi жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы талқыланды. Экономика және бюджеттi жоспарлау бөлiмiнiң жетекшiсi Г.Шұқатова, қаржы бөлiмiнiң басшысы Г.Құсайыновалардың хабарламаларына қарағанда қала тоқсанды ойдағыдай қорытындылап отыр. Дегенмен бөлiнген қаржыны игеруде босаңсуға жол жоқ. Жiберiлген кемшiлiктер, өткен жылы жүктелген тапсырмаларды әлi орындамаған басшылардан түсiнiктеме алынатын болды.

Алда тұрған кезек күттiрмейтiн мәселелер көп. Қар суының еруi, ағыс жолдары үнемi қадағаланып, жолы тазаланып отырылсын. Аяқасты туындайтын көлденең оқиғаларға барлық қызмет түрлерi сай болуға тиiс.

Алдағы жылы қаламызда өткiзiлгелi отырған еларалық форумға дайындықты қазiр жоспарлап, кiрiсiп кету керек. Келе жатқан мамыр айындағы мерекелер мазмұнды өтуi үшiн де ерте қамдану жөн.

Ал қар кеткеннен кейiнгi қала тазалығы ықтиятты жұмысты қажет етедi. Тазалық, оған тұрғындарды жұмылдыру жылдағы тәжiрибеге сүйене отырып жүргiзiлсiн.

Ағаш егу жұмыстары, гүлзарларды күту өз уақытымен мұқият жүруге тиiс. Станционный кентiндегi сквер, Нұрлы көш шағын ауданындағы қолға алынған ағаш егу жұмыстарын жалғастыру керек.

Жиынды қорытындылаған А.Смайылов сала-сала бойынша бөлiмдер басшыларына тапсырмалар бердi.

Мақаланың шыққан күні: 02.04.2019
Қаралым саны: 322

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»
Яндекс.Метрика
Қаз Рус

Сіздің жасыңыз?